Ауа райы: Оңтүстік пен шығыста күн жылынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Оңтүстік пен шығыста күн жылынады © liveinternet.ru

Синоптиктер 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндерде республиканың басым аумағында жаңбыр жауып, жел күшейеді.

"Алдағы үш тәулікте республикадағы ауа райы атмосфералық фронттарға байланысты болады, олар Ресейдің еуропалық аймағынан және Қара теңізден келеді. Осыған байланысты, еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді. Сонымен қатар, ауа температурасы төмендейді", - дейді мамандар.

Айта кетейік, тек шығыс пен оңтүстікте ауа температурасы төмендемейді, оңтүстіктегі ең жоғары температура 28 градус, ал шығыстағы 23 градус болады деген болжам бар. Бұл климаттық нормадан жоғары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 509.71  course up  594.03  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети