06 сәуір 2015 13:35

Ауа райы: Таяу күндері жауын-шашын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстанда 7-9 сәуір аралығында жауын-шашын болып, кейбір аудандарда қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанда 7-9 сәуір аралығында жауын-шашын болып, кейбір аудандарда қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Солтүстік облыстарда қар жамылғысы сақталып, кей кездері қардың жаууына қарамастан, тек оңтүстікте ғана емес, жалпы табиғатта көктемнің келгені одан әрі сенімді сезіліп келеді. Алдағы екі күнде Ресейдің Еуропалық аумағынан жылжыған циклонның әсерінен батыс және солтүстік облыстарда жауын-шашын түседі деп күтіліп отыр, қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Бірақ барлық жердегі күндізгі ауа температура жоғары және 9 сәуірге қарай 5-13 градусқа дейін жоғарылайды", - деп хабарлайды "Қазгидромет".

Сонымен қатар, синоптиктердің мәліметінше, республиканың оңтүстігі циклон аймағында болып, соның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұлтты әрі жауын-шашынды күндерге қарамастан, осы өңірлерде күндізгі ауа температурасы 17-25 градусқа дейін көтеріледі, бұл климаттық нормадан 3-7 градусқа жоғары. Еске сала кетейік, бұған дейін сәуірде Қазақстанның бірнеше облысында күннің суық болатыны хабарланған болатын. Нормадан төмен ауа температурасы Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында болатыны ескертілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети