15 маусым 2015 15:13

Ауа райы: Таяуда бірқатар өңірде аптап ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ria.ru © ria.ru

Маусымның 16-18 аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Маусымның 16-18 аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Ресейдің Еуропа аумағының орталық өңірінен жылжыған антициклон Қазақстанның көптеген облысында ауа райын анықтайтын болады. Республиканың батысында, солтүстік-батыс және оңтүстігінде +30-37 градус, кей жерлерде 40 градусқа дейін максималды температурамен жауын-шашынсыз аптап ыстық болады деген болжам бар.

"Солтүстікте және орталықта жоғары қысымды жыра әсері сақталады, жоғары қысым аясында жер беті қабатында жеке найзағайлы жаңбыр жаууы мүмкін, әсіресе күннің екінші бөлігінде. Жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ және қатты екпінді жел Қазақстанның шығысында күтіледі. Осы метеорологиялық құбылыстардың барлығы жоғары циклонмен байланысты болады, оның әсері жақын арадағы үш тәулікке сақталады", - дейді метеорологтар.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети