26 қаңтар 2017 16:48

Әуежайда төбелес шығарған кеден қызметкерін жұмыстан шығаруға себеп жоқ - Алматы қалалық МКД өкілдері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Алматы әуежайында болған даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Департаменттің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Заңғар Шыңдали кеден қызметкерінің жазаланғанын, бірақ оны жұмыстан қууға себеп жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл оқиға 2016 жылдың 7 желтоқсанында болды. Төбелес Алматы әуежайындағы уақытша сақтау қоймасының маңында "Жетісу" кеден бекетінің қызметкері Асқар Шәкіртов пен "Тарлан Сарбаз" күзет агенттігінің қызметкері арасында болған. Органдағылар бұл әрекетте ешқандай да қылмыстың белгілерін анықтамады. Сондықтан іс материалдары біздің департаментке келді. Мұнда Шәкіртовке сөгіс жариялау туралы шешім қабылданды. Біздің қызметкер Этикалық кодекстің ережелерін бұзған, бірақ ол "жұмыстан шығару" бабымен сәйкес келмейді, жеткілікті негіз жоқ", - деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін кеден қызметкерінің Алматы әуежайында төбелес шығарғаны хабарланған болатын. 2016 жылдың 9 желтоқсанында "Тарлан-Сарбаз" фирмасының 29 жастағы қызметкері Ғалымжан Сейділдаевқа кеден қызметкері шабуыл жасаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети