26 қыркүйек 2014 14:16

Ауған босқындарының көбі Қазақстанда ел қатарлы өмір сүргісі келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Ауғанстандық босқындардың көбі Қазақстанда жұмысқа орналасып, қалыпты өмір сүргісі келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі өкілі Тимур Оразаевқа сілтеме жасап. 


Ауғанстандық босқындардың көбі Қазақстанда жұмысқа орналасып, қалыпты өмір сүргісі келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі өкілі Тимур Оразаевқа сілтеме жасап. 

"Олардың көп бөлігі Қазақстан аумағында қалуға, қандай да бір жұмысты және өмір сүруге қолайлы жағдайды табуға тырысады. Босқындардың бір бөлігі, әрине, Қазақстанды Еуропа елдері мен басқа да мемлекеттерге бару үшін транзитке айналдырғысы келеді. Бірақ бізде шекарада өте қатал әрі үйлесімді өткізу жүйесі болғандықтан, бізге көбіне тұрақты түрде қалуды ойлайтындары ғана келеді. Өйткені Қазақстан, ашығын айтсақ - Еуропаға барғысы келетін мигранттардың немесе босқындардың заңсыз келуіне тиімсіз ел", - деді Оразаев Астана өткен брифингте.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында барлығы 589 босқын немесе 131 отбасы тұрып жатыр, оларға құқықтық-әлеуметтік көмек көрсетіледі және қорғалады. Олардың көбі - 556 адам - Ауғанстаннан келгендер. 

Тимур Оразаевтың айтуынша, Қазақстанға ауған босқындарының жаппай келуі мүмкін емес. "Осы жылдар ішінде Қазақстан аумағына келген босқындар ағыны көп болған жоқ, өйткені бізде шекара, кеден режимдері қатаң. Сондықтан босқындар ағыны Қазақстанға емес, Ауғанстанмен көрші елдерге, бірінші кезекте, Пәкістан мен Иранға, одан кейін Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне келеді", - деді ол.

"2014 жылдан соң Қазақстанға келетін босқындар ағыны айтарлықтай ұлғаяды деп ойламаймын", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети