04 мамыр 2022 | 14:26

"Аурухананың алдында оянды". Талдықорғанда суға батқан бала құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс күндері Талдықорғанда жедел жәрдем кезекшісіне қала шетінде 2 жасар баланың суға батып кеткені туралы ақпарат келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Демалыс күндері Талдықорғанда жедел жәрдем кезекшісіне қала шетінде 2 жасар баланың суға батып кеткені туралы ақпарат келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнына уақытында жеткен фельдшер Алмабек Батқалбеков дереу шара қолданып, баланы ауруханаға жеткізді.

"Біз келгенде ол дем алмай жатты. Жүрек соғысы тоқтап қалған. Бірден реанимациялық әрекетке кірістік. Алдымен көшеде, кейін жедел жәрдем көлігінде. Бірақ бәрі бекер болды. Біз балалар ауруханасына жақындап қалғанда бала жылап, дем ала бастады. Бұл ең жақсы сезім шығар", - деді Алмабек Батқалбеков. 

Қазір баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол Талдықорған қаласындағы балалар ауруханасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети