18 сәуір 2014 16:57

Автобус аялдамалары екі тілде хабарлануы керек - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде барлық көше белгілері мен сілтемелердің екі тілде жазылуы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде барлық көше белгілері мен сілтемелердің екі тілде жазылуы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана қаласы, біріншіден, толерантты халықаралық қатынастардың лайықты үлгісі болуы керек. Бұл жерде "Тілдер туралы" заңның барлық талабы орындалуы тиіс. Атап айтқанда, инфрақұрылым, қалалық көлік, көшелер, даңғылдар мен басқа да нысандарда атаулар қазақ және орыс тілдерінде жазылуы қажет. Бүгінде барлық жерде бұлай қамтамасыз етілмеген. Автобустарда аялдамаларды, неге екені белгісіз, бір тілде ғана хабарлайды, қоғамдық көлік бағыттарының белгілері де бір тілде жазылған - бұл Конституцияның бұзылуы", - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында.

Мемлекет басшысы көшедегі белгілердің еліміздің барлық облысы мен елді мекенінде екі тілде жазылуы керектігін ескертті. "Алда келе жатқан EXPO-2017 бүкіләлемдік көрмесі қарсаңында қалалық инфрақұрылымды ағылшын тіліндегі жазулармен де қамтамасыз ету керек. Бұл талап Универсиада - 2017-ні өткізгелі отырған және 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге күресіп жатқан Алматыға да қатысты", - деді Назарбаев.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети