21 қыркүйек 2017 12:44

"Әйеліме, балаларым мен немерелеріме барамын". Серік Ахметовтің босап шыққан видеосы

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 қыркүйекте таңғы уақытта Серік Ахметов мерзімінен бұрын шартты түрде колониядан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


21 қыркүйекте таңғы уақытта Серік Ахметов мерзімінен бұрын шартты түрде колониядан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы К159/18 түзету мекемесінен шыққан Серік Ахметовті күтуге бір топ журналист келген. Олар экс-премьерді видеоға түсіріп, тіпті сұрақ қойып үлгерген.  

"Әйеліме, балаларым мен немерелеріме барамын", - деп жауап береді колониядан шыққан Ахметов журналистерге. Көлікке отырар кезде журналистің "Денсаулығыңыз қалай?" деген сұрағына ол "Жақсы" деп жауап береді.

 

Айта кетейік, Серік Ахметов жазасын Қарағанды облысындағы Қарабас ауылында АК159/18 колониясында өтеген болатын.

Осыған дейін соттағылар Серік Ахметовтің қалайша бостандыққа ерте шығатынын түсіндіріп берген еді. 

Еске салайық, Серік Ахметов 2014 жылдың қарашасында үй қамауына алынған болатын. Сот отырысы 2015 жылдың тамызында басталып, төрт айға жалғасты. Қылмыстық іс 338 томға жетті, оның 9 томы айыптау актісі. Жалпы 82 сот отырысы өтті. Іс бойынша 260 куәгерден жауап алынды. Процесске 4 мемлекеттік айыптаушы және 42 адвокат пен қорғаушы қатысты. Қазіргі заңнамаға сәйкес, соттың әділ өтуі үшін отырыстың ашық саясатын ұстану бойынша сәйкес шаралар жүргізілді. Ал 2015 жылдың желтоқсанында сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Келген шығынды өтегеннен кейін оның жазасы 8 жылға қысқарған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети