27 қыркүйек 2022 12:31

Айналамызда ауқымды соғыс болып жатыр - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/bort_01 Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапары барысында әлемдегі жағдай шиеленісе түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапары барысында әлемдегі жағдай шиеленісе түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі халықаралық ахуал жөнінде қысқаша айта кеткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі жағдай әбден шиеленісіп кетті. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан халықаралық ұйымдарда, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымында дауыс беру кезінде бейтарап ұстанымын сақтап отыр. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді. Жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы – біз үшін бәрінен маңызды. Сондықтан, парасаттылық пен сабырлылық танытып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек", - деді Президент.

Президенттің айтуынша, халқымыздың ең басты күші – бірлік, парасаттылық және төзімділік.

"Осы құндылықтардан айырылып қалсақ, елімізге үлкен қауіп төнеді. Мемлекеттердің территориялық тұтастығы міндетті түрде сақталуы керек. Бұл – негізгі қағидат. Мен мұны халықаралық аренада үнемі ашық және анық айтып жүрмін. Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымына барып, ең биік мінберден бұл туралы тағы да мәлімдедім. Бұның бәрі бекер емес. Айналамызда ауқымды соғыс болып жатыр. Біз осыны ескере отырып, ең алдымен, еліміздің қауіпсіздігін ойлауымыз керек", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети