01 тамыз 2014 13:50

Айырбас пункттеріндегі заңсыздықтар жөнінде шағымдануға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар айырбас пункттері жұмысындағы заңсыздықтарды байқаған кезде Ұлттық банкке қоңырау шалып, шағымдана алады. Ұлттық банк басшысының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов бұл туралы өзінің Facebook-тегі жеке бетінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар айырбас пункттері жұмысындағы заңсыздықтарды байқаған кезде Ұлттық банкке қоңырау шалып, шағымдана алады. Ұлттық банк басшысының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов бұл туралы өзінің Facebook-тегі жеке бетінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтардың айырбас пункттері жұмысындағы заңбұзушылықтар анықталған кезде хабарласуы үшін ҚР Ұлттық банкінің аумақтық филиалдарында "ыстық желі" ашылды. Жеке тұлғаның шағымы жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болады. ҚР Ұлттық банкінің аумақтық филиалдарына бағытталған шағымның формасы әрбір айырбас пунктінде міндетті түрде болады. ҚР Ұлттық банкі Қазақстанның аймақтары бойынша шетел валютасының қолма-қол нарығындағы ахуалды бақылап отырады", - деп хабарлады ол.

Шағымдарды қабылдауға арналған телефон нөмірлері Ұлттық банктің сайтында көрсетілген. Ұлттық банктің Астана филиалындағы телефон нөмірлері - 321718, 322773, Алматы филиалындағы телефон нөмірлері - 2704903, 2704909, 2704904, 2443601, 2443620.

"ҚР Ұлттық банкі теңге девальвациясының болуы туралы қауесеттердің негізсіз екенін мәлімдейді. Қазіргі уақытта кеше, 2014 жылдың 31 шілдесі күні және бүгін, 2014 жылдың 1 тамызы күні девальвацияның болатыны туралы болжамдардың шындыққа жанаспайтыны және ешқандай негізсіз айтылғаны айқын болып отыр. ҚР Ұлттық банкі тексерілмеген ақпаратты жарияламауды және өсек таратудан аулақ болуды сұрайды", - дейді Құдайбергенов.

Ол девальвация туралы қауесетке алтын-валюта резервтері қорының биылғы мамыр-маусым айларында 6%-ға азайғаны айтылғанын атап өтті. Құдайбергеновтің айтуынша, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры ақпан айында 6%-ға, наурыз айында 2%-ға өсті, сол себепті мамыр-маусым аралығындағы төмендеу кезінде де резервтердің 26,5 млрд доллар деңгейінде тұр, бұл жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда, 2-2,5 млрд долларға көп.

"Шілде айындағы нәтижелер ҚР Ұлттық банкі алтын-валюта резервтерінің айдың соңына қарай 2%-ға артқанын көрсетіп отыр және ол 27 млрд долларды құрайды. ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта резервтері жылдың басынан бері 2,3 млрд долларға өскен. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сессия барысында теңгенің долларға шаққандағы бағамы нығайды және қазіргі сәтте 1 доллар 182,08 теңге болып тұр", - дейді Ұлттық банк өкілі.

Құдайбергеновтің айтуынша, Ұлттық банк валютаның жеткілікті болуын бақылап отырады және екінші дәрежелі банктердің бәрінде валютаның халықтың сұранысын қанағаттандыруға қажетті көлемі бар екенін мәлімдейді. Ол барлық аймақтағы айырбас пункттерінде доллар бойынша сату және сатып алу бағамдары арасындағы айырманың екі теңгеден, евро бойынша үш теңгеден аспайтынын айтты.

Еске сала кетейік, ақпан айында 1 доллардың бағамы 185 теңгеге жеткен болатын. Маусым айында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов девальвацияның қайталануы мүмкін екені туралы қауесеттерді жоққа шығарды. Мұндай қауесеттерді сарапшылар да негізсіз деп мәлімдеді. Соған қарамастан, 31 шілдеде Астананың айырбас пункттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасып, әбігер басталды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети