26 қаңтар 2017 11:05

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясына жаңа басшы келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясына жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясына жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ дирекорлар кеңесінің шешімімен корпорация басқарма төрағасы болып Абылайхан Оспанов тағайындалды.

Абылайхан Есенұлы Оспанов 1986 жылдың 16 маусымында Алматыда дүниеге келген.

Өзінің еңбек қызметін ол "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының республикалық штабында бастаған, кейін жеке компанияларда жұмыс істеген, жоба менеджерінен жобаларды басқару бөлімінің бастығына дейін қызмет атқарды.

2011 жылы ҚР Ішкі істер министрлігіне мемлекеттік қызметке ауысты. Техникалық қызмет департаментінің аға инженері лауазымында қызмет атқарды, ІІМ-де ІТ-жобаларды дамытуды үйлестірумен айналысты. Полиция лейтенанты атағы берілді.  

Сондай-ақ, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары, Көлік және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2014 жылы Электрондық қызмет және халыққа қызмет көрсету орталығын дамыту департаменті болып тағайындалды. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру және рұқсат құжаттар мәселелерімен айналысты, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсат құжаттар және хабарламалар туралы" заң жобаларын әзірлеуге қатысты. Сонымен бірге, "ХҚКО" ақпараттық жүйесін, электрондық үкіметті дамытумен және мобильді үкіметті ендірумен айналысты.

2015 жылы "Нұр Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2016 жылғы сәуірде "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Айта кетейік, осыған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" басқарма төрағасы қызметінде Данияр Ереншінов болған еді, алайда ол 18 қаңтарда өз қалауымен отставкаға кетті.

Еске салайық, 10 қаңтарда үкімет отырысы кезінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "Азаматтарға арналған үкімет" жұмысын сынға алған болатын. "Біз "Азаматтарға арналған үкіметті" құрдық. Нәтижесінде оның немен айналысып жатқаны түсініксіз. Адамдарға онлайн режимде тіркемейтіндеріңіз жайлы айтасыздар, олай болса бұл үкіметті неге құрдық? Ешқандай да жағдай жасамасыңыздар...", - деген еді премьер-министр мемлекеттік корпорацияның төрағасы Данияр Ереншіновке.

Сондай-ақ, үкімет басшысы онлайн тіркеуге қатысты да сын айтқан еді. "Қызметтің бұл түрі бір ай ішінде жүзеге асырылатын болады", - деген Данияр Ереншіновке премьер-министр бір айдан соң халық арасында дүрлігудің азаятыны, сондықтан да енді онлайн режимнің қажет болмай қалатынын айтқан. Ал кеше, 17 қаңтарда елімізде онлайн тіркелу мүмкін болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети