27 қыркүйек 2014 18:18

Азиада: Расул Қалиев Қазақстанның қоржынына оныншы күмісті салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Расул Қалиев. Сурет Vesti.kz сайтынан алынды. Расул Қалиев. Сурет Vesti.kz сайтынан алынды.

Кореяның Инчхон қаласындағы азиада ойындары жалғасуда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz/ vesti.kz/ сайтына сілтеме жасап. Бүгін 57 келі салмақ бойынша еркін күрес сайысында қазақстандық Расул Қалиев күміс медаль иегері атанды. 


Кореяның Инчхон қаласындағы азиада ойындары жалғасуда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz/ vesti.kz/ сайтына сілтеме жасап. Бүгін 57 келі салмақ бойынша еркін күрес сайысында қазақстандық Расул Қалиев күміс медаль иегері атанды. 

Азиада ойындарының финалдық бәсекесінде Расул Қалиев Қытай халық республикасының палуаны Хакжин Джонгомен белдесіп, 6:8 есебімен ұтылып қалды. Соның өзінде бұл палуандардың биылғы кездесуін атап өтуге тұрарлық.  

Азиада ойындарында Қазақстан командасы сәтті өнер көрсетуде. Қазірдің өзінде қанжығамызға құрама команда 9 алтын, 10 күміс, 17 қола медаль салып үлгерді. Медаль саны көрсеткіші бойынша қазір Қазақстан төртінші орында тұрақтап тұр. Азияда ойындарының негізгі кездесулерін мына жерден көрсеңіз болады. Бұған дейін Ихчонда өтіп жатқан Азиада ойындарында 50 метр қашықтыққа судан жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландиннің бағы жанғанын, сондай-ақ, ол  200 метр қашықтыққа жүзу кезінде -2.07,67 көрсеткішімен Азиаданың жаңа рекордын жаңғыртқанын  хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Алексей Луценко 42 шақырым қашықтықты 50 минут 28 секундта жүріп өтіп, алтыннан алқа тақты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети