03 қаңтар 2022 16:51

Әзілге айналған шырша: СҚО әкімдігі кілемнен жасалған шыршаны кім орнатқанын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдік Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы Ленинградское ауылында кілемнен жасалған шыршаны кім орнатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әкімдік Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы Ленинградское ауылында кілемнен жасалған шыршаны кім орнатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 29 желтоқсанында Ақжар ауданы Ленинградское ауылында балалар мен ауыл тұрғындарына мерекелік атмосфера жасау мақсатында қайырымдылық аясында жергілікті тауар өндірушілердің бастамашыл тобымен мына заттар орналастырылды: балалардың сырғанауына арналған орын "Аяз ата" шағын сәулет нысаны (ЖК "Ткаченко"), "Ақшақар" шағын сәулет нысаны (ЖК Жаңабай) және "Жаңа жылдық шырша" шағын сәулет нысаны (Диорит ЖШС)", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі.

Сондай-ақ бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен мемлекет қаражаты бөлінбегені атап өтілген.

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинградское ауылының тұрғындары жаңа жылды кілемнен жасалған шыршамен қарсы алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети