07 тамыз 2017 10:41

Бахрейнде жоғалып кеткен 24 жастағы қазақстандық қыз үйіне оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Бахрейнде жоғалып кеткен қазақстандық қыз Тагина Хайтметова үйіне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов растады.


Бахрейнде жоғалып кеткен қазақстандық қыз Тагина Хайтметова үйіне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов растады.

"Қыз табылды. Қазақстанға өзі қайтты. Қазіргі уақытта жақындарымен бірге. Ата-анасының айтуынша, жағдайы жақсы", - деді Әнуар Жайнақов. СІМ өкілінің айтуынша, қазақстандық дипломаттар жоғалып кеткен қызды іздеп табуға барлық мүмкін шараны қолданды.

"Біздің консул Бахрейнге барып, жергілікті полицияның басшылығымен кездесіп, олармен үнемі байланыста болды. Полициядағылар іздестіру шараларын жүргізіп, қыз тұрып жатуы мүмкін делінген қонақүйге барды. Тінту жұмыстарын жүргізді. Біздің ойымызша, қыздың ата-анасының, полицияның және Қазақстан елшілігінің арқасында қызды отанына қайтара алдық", - деді Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, 24 жастағы қыз психологиялық тұрғыдан зардап шеккен. Қазіргі уақытта оған жақындарының қолдауы керек. Әзірше оқиғаның мән-жайы белгісіз.

"Қыз оны Бахрейнде мәжбүрлеп ұстағандарға қатысты мәлімдеме жасап, бізге хабарласса, біз оған қажетті көмекті көрсетеміз. Қаскөйлерді жауапкершілікке тарту үшін Бахрейннің құқық қорғау органдарына хабар береміз", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі.

Тагина Хайтметованың ата-анасы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жоғалып кеткен қызын іздестіруге көмектесуін сұрап хабарласқан болатын. Ол биыл 27 шілдеде Астанадан Дубайда, ол жақтан Бахрейнге ұшып кеткен. Ал 29 шілдеден бастап қыз туыстарымен байланысқа шықпаған. Осыған дейін қыздың ата-анасы оның Бахрейнге жұмыс істеуге кеткенін және қонақүйде қызметші болып жұмысқа тұрғанын айтқан болатын.

"Астана әуежайындағы шекара қызметіндегілер маған оның Дубайға ұшып кеткенін айтты. (...) Келесі күні кешкі уақытта ол бізге Бахрейннен жұмыс тапқанын, қонақүйде қызметші болып жұмысқа тұрғанын айтты. Сол күні видео арқылы Бахрейндегі бөлмесін көрсетті. Содан ол келесі күні жұмысқа шығатынын және онда өзімен бірге ұялы телефонды алуға болмайтынын жазып жіберді. Кейінірек хабарлама жазуға уәде берді. Міне содан бері, 29 шілдеден бері одан хабар жоқ. Қоңырау да бармайды", - деген еді жоғалып кеткен қыздың анасы Матлюба Ханжанова.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети