20 қазан 2016 11:21

Бақытбек Есентаевқа қатысты іс екі бап бойынша ғана тоқтатылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер Баян Мақсатқызының күйеуін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешіміне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер Баян Мақсатқызының күйеуін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешіміне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жәбірленушінің Бақытбек Есентаевқа қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрағаны туралы өтінішінің осы қылмыстық іс бойынша сотталушыға тағылып отырған айыптар аясында бас оты отырысында қаралатыны және айыпты тұлғаға жаза қолдану кезінде есепке алынатыны хабарланып отыр. 

"Сонымен қатар, тағылған айыптарға сәйкес, Бақытбек Есентаевқа тағылып отырған қылмыстық жазаланатын әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігі 10-тармағы - зорлау мен зорлық әрекеттермен ұласқан кісі өлтіруге оқталу ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабының негізінде татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жол беомейді", - деп хабарлады Алматы облыстық баспасөз қызметінің өкілдері. 

Бақытбек Есентаевқа тағылып отырған қалған қылмыстар - зорлау мен сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері ауырлығы бойынша орта деңгейдегі қылмыс.

"Сондықтан іс айыптаудың осы бөлігінде ғана тоқтатылуы мүмкін. Ал Бақытбек Есентаевқа тағылып отырған аса ауыр қылмысқа жәбірленуші берген өтініш соттың шешім шығару кезінде есепке алынуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Адвокат Джохар Өтебеков продюсер Баян Мақсатқызының күйеуін кешіру туралы шешімінің сотқа қалай әсер ететіні жайлы пікір айтқан еді. 

Айта кетейік, сот отырысында продюсермен Грузияда бірге болған "Лашын" тобының мүшелерінен де жауап алынды.  Продюсер мен күйеуінің арасындағы жанжал осы сапардан кейін болған. Баян Мақсатқызының айтуынша, ол әуежайда таксиге отырған соң, кенеттен көлікке күйеуі кіріп отырған. Содан олар сонда сөзге келген. Бақытбек Есентаев әйелін аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Ота жасатқан Баян Мақсатқызы кейіннен тегін де өзгертті.

Еске сала кетейік, Баян Мақсатқызы 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ал кейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берді. "Командир такси" өкілдері Баян Есентаеваны ұрып-соғу кезінде жүргізушінің әрекетіне түсінік берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети