09 қыркүйек 2016 12:33

Бақытбек Есентаевтың жиені мен такси жүргізушісі куәгер ретінде қарастырылып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытбек Есентаев пен Баян Есентаева Бақытбек Есентаев пен Баян Есентаева

Бақытбек Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітов атышулы істе оның жиені мен "Командир" такси жүргізушісінің куәгер ретінде қарастырылып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бақытбек Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітов атышулы істе оның жиені мен "Командир" такси жүргізушісінің куәгер ретінде қарастырылып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жүргізуші оның көлігінде ешқандай да пышақ жарақаты салынбағанын айтып отыр. Олар көліктен бірге шықты, Есентаева шығатынын айтып, басқа көлікке отырды. Сөйтіп олар кетіп қалды. Болды. Тергеу жүргізушінің әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқ екенін анықтады. Жүргізушіге қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Ол мұндай жағдайларды (сұхбатта айтылған жағдайларды айтып отыр - Авт.) көрмегенін айтады. Таксиде қан іздері қалмаған", - деді Бекболат Жексейітов. 

Ал кеше "Командир такси" өкілдері Баян Есентаеваны ұрып-соғу кезінде жүргізушінің әрекетіне түсінік берген болатын. Ал оның алдында Есентаева жүргізуші Динара Сәтжанға атышулы оқиға жайлы бірінші сұхбатын берген болатын.

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды. Жақында Бақытбек Есентаевтың соты өтетін күн белгіленді.

Ал кейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети