i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің директоры, PHD доктоp Жұлдыз Сүлейменова инклюзив білім берудің және қазақ ағартушыларының еңбектерін зерттеудің маңызы туралы айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің директоры, PHD доктоp Жұлдыз Сүлейменова инклюзив білім берудің және қазақ ағартушыларының еңбектерін зерттеудің маңызы туралы айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді. Эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбіде шығады.
Инклюзив білім беру деген не?
"Инклюзив білім беру - бұл білім берудің ең прогрессив түрі, онда әр адамға оның зияткерлік, әлеуметтік, эмоционалдық, физикалық, менталды қажеттілігіне тәуелсіз оқуға бірдей мүмкіндік беріледі. Яғни бұл прогреске ден қоюдың түрлі қажеттілігі", - дейді Жұлдыз Сүлейменова.
Оның мақсаты - оқу үшін кедергісіз орта қалыптастыру.
Бастапқыда инклюзив білім беруді қарастырған кезде ол тек мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу түрі болса, Еуропада еңбек мигранттарына арналған оқу деп қарастырылса, АҚШ-та дарынды балаларды оқыту.
"Инклюзив білім беру - адамгершілік қағидасы, сапалы білім алуға бірдей қол жеткізу екенін түсіну керек", - дейді мектеп директоры.
Маман мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге оқитын оқушылар төзімді келетінін дәлелдейтін бірнеше ғылыми жұмыс оқығанын айтады.
"Олар үшін мүмкіндік бірдей болған жағдайда құндылықтың маңызы жоқ, концепцияны инклюзив қоғамға енгізу керек. Баланы әлеуметтендіру кезінде қоғамның әр мүшесі құрметтей білу, ашық болу, бір-біріне көмектесу, ұжымның, жалпы қоғамның өміріне атсалысу маңызды", - дейді ол.
Дүние жүзіндегі инклюзив білім
Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, мектеп - білім беру жүйесі мен қоғамның бір бөлшегі, ол әлеуметтік тапсырысты орындауға бағытталған.
"Ең алдымен өмір сүруге дайын тұлғаның қалыптасуы, қоғамдағы тез өзгеретін жағдайларына бейімделе алуы. Өндірістің, өндіріс процесінің, жоғары технология жағдайларына бейімделу. Бірақ біз мектеп жақсы пәндік академиялық білім және жеке тұлға тәрбиелеу, тұлғаны жан-жақты дамытуы керегін түсінуіміз қажет. Біз қазіргі таңда әр секунд сайын барлығы өзгеретін заманда өмір сүріп жатқанымызды түсінуіміз керек", - дейді маман.
Оның айтуынша, инклюзив қоғам мектепке дейінгі мекемеден бастап мектеп, университетке дейін, артынша жұмысқа орнында да қалыптасуы керек.
"Барлық мекемеде пандустан бастап, нашар көретіндер сезіне алатын белгіге дейін. Ерекше қажеттіліктері бар бала ресурстарды пайдалана алуы үшін қажет. Сондай адамдардың болашақта білім алып, жұмысқа орналасуы үшін механизмдер қалыптастыру керек", - дейді спикер.
Мысалы АҚШ-та бөлек курстар бар. Нашар көретін балаларға арналған математиканы оқыту, ақылы кем балаларға арналған математиканы оқыту курстары бар.
"Психикалық-физикалық мүмкіндіктері бойынша санатта оқыту деректері әр түрлі болады және әртүрлі ұғым береді. Әр елде білім беру саясаты, оның ішінде инклюзив білім беру және инклюзив білім беру әдістемесі әртүрлі", - Жұлдыз Сүлейменова.
Инклюзив білім беру тек бір кабинет аша салумен, бір мұғалімді, психологты үйрете салумен шешілмейді.
"Жалпы мектеп, директордан бастап мұғалімге дейін, психолог, куратор, методист, техникалық қызметкерлер қандай әрекет ету керегін, қандай бағыты барын, жалпы инклюзив білім беру деген не, өзімізді сондай балалармен қалай ұстау керегімізді түсінуіміз керек. Ерекше қажеттіліктері бар балалармен ғана емес, жалпы бұл кеңістікті, әлемді басқаша қабылдайтын дарынды балалармен де", - дейді маман.
Қазақстандық мектептердегі инклюзив білім беру
Жұлдыз Сүлейменова физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінде ерекше қажеттіліктері бар үш оқушы білім алады, сондықтан мектеп пандуспен және лифтпен жабдықталған.
"Нақты ресурстармен қамтамасыз етуде, жағдай жасалған білім беру ортасында мәселе жоқ. Біз барлық пән мұғалімін дайындағымыз келеді. Мұндай балаларды оқытуда сараланған тәсіл болуы керек, біз олардың құқықтарын бұзбауымыз керек", - дейді спикер.
Оның айтуынша, қазақстандық мектептерде инклюзив білім беруді енгізуге бес жылдай уақыт қажет. Одан бөлек, бұл жағдайда Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев секілді қазақ ағартушыларының еңбектерін зерттеу де маңызды.
"Ұрпақты байланыстыра отырып, біз Мағжан Жұмабаевтың педагогикасында білім беруді 4 бағытта дамыту қажет деген параллельді көреміз. Оның ішінде, ақыл-ой тәрбиесі бар. Біз жасампаз жандардың 7 дағдысы туралы айтқан Стивен Кови бар екенін білеміз. Педагогикадағы Мағжан Жұмабаев пен Стивен Ковидің арасындағы параллельді жүргізгенде, біз байланысты анықтадық. Ол зияткерлік даму, рухани даму және физикалық даму. Біз педагогикадағы ұлттық кодымыздың бастауларын зерттеуіміз керек", - дейді Жұлдыз Сүлейменова.
Видео-сұхбатты Tengri TV-дің YouTube-арнасынан, Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады.
Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloud, Anchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!