20 ақпан 2017 13:25

Бәлиева Сағадиевке: Сіз балаларды және мұғалімдерді сүюді үйренуіңіз керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Сағадиев Ерлан Сағадиев

Депутат Зағипа Бәлиева ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті балалар мен мұғалімдерді сүюді үйренуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Депутат Зағипа Бәлиева ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті балалар мен мұғалімдерді сүюді үйренуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз балаларымызды кімге сеніп тапсырамыз? Бірінші кезекте тәрбиешілер мен мұғалімдерге. Мен министрдің бүгінгі баяндамасында мамандардың қалай дайындалып жатқандарын, балалардағы педагогикалық ЖОО-ға түсуге деген қызығушылықтың қандай екені жайлы естимін деп ойладым. Мұнда проблема тек мамандардың санында емес, сондай-ақ, олардың сапасында. Бұл мәселені тек білім министрлігіндегілер шешу керек деп айтуға болмайды. Барлығымыз бірігіп, осы мәселені шешейік. Білім министрі - ол еліміздегі ең бірінші мұғалім. Министр (Ерлан Сағадиевке-автор), сіз балаларды және мұғалімдерді сүюді үйренуіңіз керек. Кез келген жаңа ереже, жаңа тәжірибе жайлы бастапқыда баламен ақылдасып, кейіннен мұғалімдермен келісіп, тәжірибеден өткізу керек. Сосын ғана ол ережені енгізу керек. Сонда біз бұл керек пе, жоқ па - соны түсінеміз. Меніңше, білім министрлігі өз жұмысын қайта қарап шығады. Тиіп-қашып реформа енгізе беруге болмайды", - деді Зағипа Бәлиева.

Сондай-ақ, ол ҰБТ реформасы бойынша жедел түрде біріккен жұмыс тобын құруды және жаңа форматты енгізу туралы ұсынысты кейінгі жылға қалдыруды ұсынды.

"ҰБТ-ны әлі де жетілдіру керек. "Білім беру туралы заңда" ҰБТ-ға қатысты бірнеше бап бар. "Мемлекеттік құпиялар туралы заңға" ҰБТ сұрақтарын мемлекеттік құпия деп енгізген болатынбыз. Енді еліміздегі әрбір ЖОО-да ҰҚК өкілі бола ма? Өңірлерді қайтеміз сонда? Мен ҰБТ сұрақтарының сапасына қатысты ештеңе айта алмаймын, барлығы дұрыс. Бірақ балаларды бір ай ішінде бітіру емтиханы мен қабылдау емтиханын тапсыртқызып, күйзеліске түсірмеу керек", - деді депутат.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ерлан Сағадиев ҰБТ-ның жеңілдей түскенін мәлімдеген еді. "ҰБТ жеңілдеді. Бітіру емтихандарын құбыжық етіп көрсетудің қажеті жоқ. Оқушылар оны жыл сайын, ал кейбіреуі тоқсан сайын тапсырады. Балалар оған үйренді. Екіншіден, ҰБТ жеңілдеді және оның бестен бір бөлігі ғана өзгерді. Біз ҰБТ-ны халықаралық стандарттарға ыңғайландыруымыз керек. Емтиханға толық дайын болу мүмкін емес, 11 жыл бойы дүрыс білім алу керек. Ал сіздің балалар 11 жыл бойы ҰБТ-ға дайындалды дейсіз, бұл дұрыс емес. Олар ҰБТ-ға дайындалмай, қажетті білім алуы керек", - деген еді Ерлан Сағадиев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети