27 қаңтар 2014 17:15

Балық шаруашылығы жаңа бағдарламаның шеңберінде дамитын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Марат Абилов Фото ©Марат Абилов

Қазақстанда балық шаруашылығы осы жылы жасалатын жаңа бағдарламаның шеңберінде дамитын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. "Жасыл экономикаға" көшу бойынша Тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберінде, 2014 жылы балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы жасалатын болады",- деді Н.Қаппаров ведомствоның алқа жиынында. Оның айтуынша, бұл құжат, балық шаруашылығы су қоймаларын және тауарлы балық шаруашылығын дамыту ресурстық әлеуетін тиімді қолдануға бағытталған, кешенді шараларды қарастырады. Сонымен бірге министр балық шаруашылығын дамытудың нақты шараларын атап өтті. "Каспий теңізі су биоресурстары бойынша Комиссия шеңберінде бекіре тұқымдас балықтарды аулауға бес жақты моратория енгізу мәселесі пысықталуда. Өз кезегінде Қазақстан мұндай тыйымды енгізіп те қойды. Атырау және Орал-Атырау бекіре балықтарын өсіретін зауыттары өткен жылы табиғи ортаға 7 млн. шабақ жіберді. Басқа да бағалы балықтарды ұдайы өндіретін жұмыстар қолға алынуда",- дейді ол. Соңғы сегіз жылда балық қорын жасау мен қорғау бойынша шараларға салынған жеке капитал инвестициясы 10,2 млрд. теңгеге дейін өсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети