05 ақпан 2014 19:00

Барахолкада үш сараптама жүргізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі ©Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Алматы барахолкасында 25-тен астам бутик өртенген. Қазір арнайы органдар өрт себебін анықтау үшін бірнеше сараптама жүргізіп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. "Өрт-техникалық, құрылыс және тауартану сараптамасы белгіленген болатын. Қазір мамандар тартылып отыр. Жұмысқа төменгі температура кедергі келтіріп тұр, жер қазылуы керек", - деп хабарлады департамент мамандары. Ал "СТВ" телеарнасының хабарлауынша, өртке оранған "Юпитер" базарының саудагерлері cауда орнына қасақана от қойылғанына сенімді. "Базар түнгі мезгілде токтан ажыратылады, сондықтан өрттің электр құралдарынан болуы мүмкін емес. Бұл бір дәстүрге, заңдылыққа айналды. Келесі өрт қашан болады деп болжап отырамыз", - дейді бутигі өртенген саудагерлердің бірі. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметінің бастығы Александр Лидің айтуынша, "Юпитер" базарының сот шешімімен жабылуы әбден мүмкін. Өйткені әкімдіктің жоспарына сай бұл жерде көлік жолы кеңейтіліп, жабық сауда орындары бой көтеруі тиіс. А.Лидің сөзіне қарағанда, тергеу бөлімі әзірше өрт себебі жөнінде ештеңе айта алмай отыр. Еске сала кетейік, барахолкада өрт 4 ақпан күні 21.10 шамасында шыққан. Оқиға орнына алғаш келген өртсөндірушілер бөлімшесі "Юпитер" базарында шамамен 1000-1500 шаршы метр болатын контейнерлер өртенгенін хабарлаған еді. Мұнда шаруашылық тауарлары болған. Өрт "Алатау-1" базарына ауып кете жаздапты. Бүгін мамандар өртенген ауданды нақтылады - 400 шаршы метр. Тілсіз жау 23.52-де толық залалсыздандырылған. Бұл жұмыстарға төтенше жағдайлардың жеке құрамынан 914 маман қатысты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети