26 қараша 2014 20:37

Бас әскери прокуратураның бөлімше жетекшілері тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурор Жанболат Аекенов Прокурор Жанболат Аекенов

Бас әскери прокуратура үш жетекшісі мен төрт бастық орынбасарларын жаңадан тағайындағанын жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бас әскери прокуратура үш жетекшісі мен төрт бастық орынбасарларын жаңадан тағайындағанын жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанның құзырлы мекеме басшысы Асхат Дауылбаевтың бұйрық етуімен Бас әскери прокуратураның өңірлік бөлімшелеріне үш адам жаңадан тағайындалды. Батыс өңірлік әскери прокуроры боп әділет подполковнигі Жанболат Аекенов, Петропавл гарнизонының осындай қызметіне Талғат Бекбергенов, Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры қызметіне әділет подполковнигі Нұрлан Алпысов тағайындалды.

 Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен:

Алматы гарнизоны әскери прокурорының орынбасары – әділет майоры Айдос Ақберген; 

Алматы гарнизоны әскери прокурорының орынбасары – әділет майоры Тимур Аңдамасов;  

Сарыағаш гарнизоны әскери прокурорының орынбасары  – әділет майоры Арман Ерназаров;

Бас әскери прокурордың ұйымдастыру-бақылау жұмысы бойынша аға көмекшісі қызметіне – әділет подполковнигі Арман Капезов белгіленді.

Еске сала кетелік, алдында Астана және Маңғыстау облысы прокуратурасы жетекшілерінің тағайындалғаны хабарланған. Олар -Сабыржан Бекбосынов және Дастан Сартаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети