19 сәуір 2014 14:53

Бас кезінде суды үнемдеуге тарифтің қатысы болмайды - вице-министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото meta.kz сайтынан Фото meta.kz сайтынан

Су ресурстарын басқару бойынша 2014-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстанда жыл сайын 9 текше шақырым суды үнемдеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қоршаған орта және су ресурстары жөніндегі вице-министр Ерлан Нысанбаевқа сілтеме жасап. 

Оның сөзіне қарағанда, біз жыл сайын 9 текше шақырым суды үнемдеу межесіне бірте-бірте жететін боламыз. Бас кезінде 2,6 текше шақырымға суды үнемдеуге үйрену керек. "Оны тарифтерді көтеру арқылы емес, өзін-өзі ақтайтын шаралардың арқасында іске асыру жоспарланып отыр. Соның ішінде су үнемдеу технологиялары, тамшылатып суару және жаңбыр суын пайдалану сияқты шаралар бар", - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Е.Нысанбаев. 

Вице-министрдің айтуынша, су ресурстарын басқару бойынша 2014-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін 8,2 триллион теңге қажет болады. Оның 5,4 триллионы республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінсе, 2,6 триллион теңге бюджеттен тыс қаржы болады. Ол - тарифтен түскен пайда, сыртқы гранттар мен займдар, сондай-ақ жеке меншік сектордың ақшасы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети