17 қазан 2014 17:45

Бас прокуратура қыз алып қашу туралы роликке түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура қыз алып қашу туралы роликке түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура қыз алып қашу туралы роликке түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстандағы қыз алып қашу туралы жарияланымдар мен тиісті бейнеролик пайда болды. Бейнероликте түсірілген оқиғалар тексерілді. Жас жұбайлардың аты-жөндері анықталды. Ерлі-зайыптының жауаптарына қарағанда, олар осы жылдың тамыз айының басынан бері азаматтық некеде тұрған, оған дейін бір жыл бойы жүрген, өз еріктерімен отбасын құруды жоспарлаған", - делінген хабарламада.

Баспасөз парағында қыздың күйеуінің үйіне өз еркімен келгені айтылған, "қыз бейнероликтегі мәжбүрлеу көріністерін осындай жағдайларда қыздың арын сақтаумен байланысты жоралғыларды көрсетпек болдым түсіндірген". "Баяндалған жағдайға байланысты құқық қорғау органдары аталған ролик бойынша әрекет ету шараларын қолға алмады", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Хабарламада адам ұрлау әрекетінің жазаланатын қылмыс екені және ол үшін мүлкін тәркілеумен бірге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілік қарастырылатыны атап көрсетілген. "Мұндай қылмыстар туралы дабыл түскен кезде құқық қорғау органдары кінәлі тұлғаларды әшкерелеу және жауапкершілікке тарту туралы барлық шараны қолға алады", - дейді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Қазақстандағы қыз алып қашу туралы бейнеролик Интернетте жуырда пайда болған еді. Онда ер адамдар қызды күштеп үйге кіргізіп жатыр. Музыка ойнап жатыр, аулада қонақтар жүр. Қыз еңіреп жылап, қарсылық көрсетіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети