27 қараша 2014 17:30

Бас прокуратура Мақсат Үсеновтің жазасы жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов Мақсат Үсеновтің жазасы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов Мақсат Үсеновтің жазасы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әзірше бұл туралы айтуға ерте, бірақ кейбір ойлар бар... Мүмкін, көлікті тәркілеуге дейін болса да. Осылай болады деп айтпаймын, себебі мұны парламент шешеді. Бірақ мұндай дерек үшін біз тәркілеуге дейін баруымыз керек сияқты", - деді ол.

Сонымен қатар, Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов та жауап берді. "Тиісті жазасын алады. Оның жол-көлік оқиғасының материалдары әлі жолданған жоқ. Ал оның бұзған ережелері хаттама құрамында жазылған", - деген пікір айтты Мақсат Үсеновтің тағы бір жол-көлік оқиғасынан айыппұл төлеп құтылғаны туралы сыбыс жайында. 

Еске сала кетейік, Мақсат Үсенов 15 қараша күні Алматыда тағы да жол-көлік оқиғасына жол берген еді. Ол Mercedes көлігімен RAV4 автокөлігіне соғылды. Джипте отырған әйел миы шайқалып, ауруханаға түсті. Ол сол күні ауруханадан шығарылды.

2013 жылдың соңында Мақсат Үсенов BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кеткен еді. Олардың бірі қайтыс болды. Бес адам жарақат алды. Бұл дерек бойынша іс сотқа жетпеді. Тараптардың ымыраласуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Жол апатына кінәлі Үсенов 45 тәулікке қамалып, 2017 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Кейін бұл құқықтан тағы бір жылға айырылды. Шығынның өндірілуіне байланысты жәбірленуші тарап кінә қоюдан бас тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети