06 қыркүйек 2017 12:50

Бас прокуратура мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын Серік Ахметовтің қандай шектеулері бар екенін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметовтің өтелмеген жазасы бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылды. Бұл мәліметті ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметовтің өтелмеген жазасы бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылды. Бұл мәліметті ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жалғасы

"Қылмыстық заңнамаға сәйкес, өтелмеген жаза бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылды. Бұл үкім әзірше заңды күшіне енген жоқ. Оған әлі құқықтық баға беріледі. Бостандықты шектеген кезде шектеу мазмұнындағы шаралар қолданылады, пробациялық бақылау және басқа да шаралар қолданылады. Бірақ бүгінде бұл шешім заңды күшіне енген жоқ", - деді Марат Ахметжанов ҚР Мәжілісінің отырысынан кейін.

Сондай-ақ, Ахметжанов Серік Ахметовтің бостандыққа шығу үшін қандай шарттарды орынадауы тиіс екенін айтты.

"Ол заңмен белгіленген мерзімді өтеп шығуы тиіс, қамауда болған кезде адам құқығына қайшы келетін әрекеттер болмауы тиіс, тек жақсы мінездеме болып, мемлекетке және басқа да адамдарға келтірілген шығын толықтай өтелуі тиіс", - деді ол.

Прокурордың орынбасарының айтуынша, тараптар осы шешім заңды күшіне енгенге дейін өздерінің ұсыныстарын айта алады. Айта кетейік, соттың қаулысы 2017 жылдың 21 қыркүйегінде күшіне енеді

Осыған дейін соттағылар Серік Ахметовтің қалайша бостандыққа ерте шығатынын түсіндіріп берген еді. 

Еске салайық, Серік Ахметов 2014 жылдың қарасында үй қамауына алынған болатын. Сот отырысы 2015 жылдың тамызында басталып, төрт айға жалғасты. Қылмыстық іс 338 томға жетті, оның 9 томы айыптау актісі. Жалпы 82 сот отырысы өтті. Іс бойынша 260 куәгерден жауап алынды. Процесске 4 мемлекеттік айыптаушы және 42 адвокат пен қорғаушы қатысты. Қазіргі заңнамаға сәйкес, соттың әділ өтуі үшін отырыстың ашық саясатын ұстану бойынша сәйкес шаралар жүргізілді. Ал 2015 жылдың желтоқсанында сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Келген шығынды өтегеннен кейін оның жазасы 8 жылға қысқарған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети