08 тамыз 2017 17:55

Бас прокуратура Мұратхан Тоқмәдидің жарының бейнешағымына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Муратхан Тоқмәди. © voxpopuli.kz Муратхан Тоқмәди. © voxpopuli.kz

Бас прокуратура Д.Аимбетова-Тоқмәдидің бейнешағымы бойынша тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Бас прокуратура Д.Аимбетова-Тоқмәдидің бейнешағымы бойынша тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"2017 жылдың 31 шілдесінде түрлі ғаламтор беттерінде Д.Аимбетова-Тоқмәди жұбайы Мұратхан Тоқмәдиге Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының тарапынан азаптау көрсетілді деген бейнешағымы жарияланды. Аталған деректерді тексеру мақсатында Бас прокуратура жедел түрде тиісті шаралар қабылдады", - делінген прокуратура мәлімдемесінде. 

2017 жылдың 31 шілдесінде Алматы қаласының ҰҚКД-нің Тергеу изоляторынан прокуратураға М.Тоқмәди таңертеңгі серуен барысында (серуендеу алаңында) турниктен құлағаны жайлы хабарлама түскен.

"Күдіктінің адвокаттарының қатысуымен сот-медициналық және химия-токсикологиялық сараптамалар жүргізілді. Нәтижесінде ағзада химиялық заттар табылған жоқ. Ал сот-медициналық сараптама қорытындысы денедегі жарақаттар жоғарыда көрсетілген жағдайда пайда болғанын көрсетті", - делінген хабарламада.

М.Тоқмәдидің турниктан құлау фактісі іс материалдарына қоса тіркелген бейне бақылау камераларының жазбасымен де дәлелденді. Оның үстіне М.Тоқмәдидің өзі де, басқа да тергеу изоляторында қамалғандар да дене жарақатының алыну жолын растады.

Процессуалды прокурор күдіктімен әңгімелесу барысында М.Тоқмәдидің тарапынан ҰҚК-нің қызметкерлері үстіне қандай да бір шағым айтылған жоқ.

Д.Аимбетова-Тоқмәдидің бейнешағымында көрсетілген деректер өз дәлелін таппаған соң, прокуратура осы факті бойынша тексеру амалдары аяқтады.

Өз тарапынан Бас прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы арыз иесіне күдіктінің өз еркімен турникте жаттығу жасау кезінде құлап дене жарақатын алған фактіні растайтын видеожазбаны көрсетуге дайын.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің арнайы жасағы үйінен тұтқындап әкеткен болатын. 50 жастағы бизнесмен "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топқа жетекшілік еткен делінеді. Құрығы ұзын қылмыстық топтың сойылын соғатындар билікте де көп көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети