07 желтоқсан 2016 12:25

Бас прокурор рақымшылықтан кімдердің бас тартуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dt.ua © dt.ua

Тергеуде жүрген азаматтар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне өткізілетін рақымшылыққа қарсы болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР бас прокуроры Жақып Асанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тергеуде жүрген азаматтар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне өткізілетін рақымшылыққа қарсы болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР бас прокуроры Жақып Асанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Рақымшылықтың барлық актісі қолданылған кезде сотталушының өз келісімі керек. Сотталушы рақымшылық құқығын алғысы келе ме, жоқ па - өз еркі. (...) Рақымшылықты екі орган жүзеге асырады, біріншісі - сот (сотталушыларға қатысты) және екіншісі - тергеу органдары (тергеуде жүрген 2300 адамға қатысты). Қылмыстық қудалау органдарының шешімін прокурор бекітеді. Адам өзіне қатысты түзеу негіздерінсіз қылмыстық қудалаудың тоқтатылуына келісім бере ме? Егер мұндай шешім шықса, ол өз кінәсін мойындады деген сөз. Ол сотталған адам болып есептеледі. Сондықтан көп мәселені шешу керек", - деп атап өтті Жақып Асанов.

Еске салайық, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Президенттің енгізген "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети