21 наурыз 2015 16:38

"Батыр арулар" Астана халқын бауырсақтан дәм татқызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметші қыз-келіншектері арасында "Батыр арулар" сайысына қатысушылар елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап қызықты акция өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Mега Астана" сауда ойын-сауық орталығының екінші қабатында батыр аруларымыз астаналықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. "Дәстүр бойынша бұл күні әр үйде мерекелік дастархан жайылады. "Батыр арулар" байқауына қатысушылар мерекелік дәстүрді сақтай отырып, сауда ойын-сауық орталығына келушілерге бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдардан дәм ұсынды. Сондай-ақ, ҚР Қарулы Күштердің атынан Наурыз мейрамымен құттықтаған естелік хаттарын таратты", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша әскери қызметші қыз-келіншектер арасында "Батыр арулар" байқауы өткізіліп жатқанын ескертті. Оның аясында дауыс беру нәтижесі бойынша ҚР Қарулы Күштердің кәсіби түріне қарай 12 үздік әскери қыз-келіншек анықталады. Жеңімпаздар 2016 жылға арналған "Батыр арулар" арнайы күнтізбесіне шығару үшін кәсіби фотосессияға қатысуға мүмкіндік алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети