29 сәуір 2015 11:01

Батырхан Шүкеновті еске алу концерттері Қазақстан бойынша өтеді - Мәдениет министрі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Айжан Түгелбаева ©Айжан Түгелбаева

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Tengrinews.kz тілшісіне Батырхан Шүкеновті еске алу концерттерінің Қазақстан бойынша өтетінін хабарлады. Еске алу кештерінің нақты қай жерде және қашан өтетіні әзірше шешіліп жатыр, концерт Мәскеуде де өтуі мүмкін. Бұл туралы мәлімет таяу уақытта беріледі.


ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Tengrinews.kz тілшісіне Батырхан Шүкеновті еске алу концерттерінің Қазақстан бойынша өтетінін хабарлады. Еске алу кештерінің нақты қай жерде және қашан өтетіні әзірше шешіліп жатыр, концерт Мәскеуде де өтуі мүмкін. Бұл туралы мәлімет таяу уақытта беріледі.

Министр еңбек сіңірген қайраткер Батырхан Шүкеновті өзінің жақсы досы болғанын хабарлап, оның қазасына байланысты көңіл айтты. "Бұл - ұлы музыкант, біз онымен бірге оқығанбыщ, ол менен бір курсқа жоғары оқыды. Біз өмірде жақсы араластық. Оны Қазақстан халқы ассамблеясының соңғы концертінде кездестіргеніме қуаныштымын", - деді Мұхамедиұлы.

"Оның "Один в один" шоуына қатысуы керемет болды, керемет образдар жасады. Ол маған Мәскеуден әр өнер көрсеткен кезінде эфирден өткізіп алмауым үшін смс-хабарлама жіберіп тұратын. Өте күрделі жоба, бірақ ол шоуға өз еркімен қатысты", - деді министр.

Осыған дейін әншінің 52 жасында Мәскеуде қайтыс болғаны хабарланды. Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып жатқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети