09 тамыз 2015 11:17

Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Байбек. © strategy2050.kz Бауыржан Байбек. © strategy2050.kz

Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Twitter желісіндегі парақшасында хабарланды.


Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Twitter желісіндегі парақшасында хабарланды.

"Н.Назарбаев Алматы активіне қаланың жаңа әкімі Бауыржан Байбекті таныстырды", - делінген хабарламада.

Бауыржан Байбек - 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гете институттын (Бремен қаласы, 1995) "Неміс тілі"; "Болашақ" бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.

"Нұр Отан" ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті , атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - Хаттама жетекшісі. 2009 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

ҚР Президентінің халықаралық "Болашақ" стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети