22 қазан 2016 16:31

Бауыржан Байбек "Медеу" мұз айдынындағы жаңа қысқы маусымды ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін "Медеу" таушатқалындағы кешенде Универсиадаға 100 күн қалуына орай Алматы қаласы əкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен 2016-2017 қысқы маусымының ашылуы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиаданың сайтына сілтеме жасап. 2016-2017 жылғы маусымның ашылуы жайлы "Медеу" спорттық кешенінің бас директоры Ержан Еркінбаев хабарлады.


Бүгін "Медеу" таушатқалындағы кешенде Универсиадаға 100 күн қалуына орай Алматы қаласы əкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен 2016-2017 қысқы маусымының ашылуы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиаданың сайтына сілтеме жасап. 2016-2017 жылғы маусымның ашылуы жайлы "Медеу" спорттық кешенінің бас директоры Ержан Еркінбаев хабарлады.

"Әлемнің түкпір-түкпірінен 56 ел Универсиадаға қатысатынын растады. Бұл дегеніміз 12 спорт түрінен өнер көрсететін екі мыңнан аса спортшы қатысады деген сөз. Олар сегіз спорт нысанында өтетін жарыстарға қатысады. Әлемнің 40 телеарнасынан миллиондаған көрермені осы жарыстарды тамашалай алады. Біз соңғы жылдары салауатты өмір салтын ұстанатын Алматы қаласы тұрғындарының саны артқанын білеміз Міне, бүгін осында сырғанауға келген мыңнан аса адамның жазғы уақытта коньки тебуді сағынып қалғанын көріп тұрмыз. Мен сіздерді сырғанау маусымының ашылуымен құттықтаймын", - деді Байбек.

Шара барысында 2017 жылғы Универсиада елшілеріне дипломдар табысталды. Алматыдағы халықаралық қысқы Ойындардың ресми өкілдері болып, танымал байкер Дмитрий Петрухин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, цирк əртісті болып Мұрат Мутурганов, танымал режиссер, актер, сценарист Нуртас Адамбай танылды.

"Медеу" əкімшілігінің хабарлауынша, билет бағалары бұрынғы қалпында қалады. Келушілердің 1800 теңгеге денсаулығын нығайтуға, конькимен сырғанап, уақыт өткізуге мүмкіндігі болады. Бұдан бөлек, балаларға, студенттер мен зейнеткерлерге арнайы жеңілдіктер қарастырылған.

Биыл "Медеу" былтырғы жұмыс кестесін бекітті. Сырғанау алаңының есігі 10.00-23.00 аралығында ашық болады. Таңғы сырғанау сағат 10.00 мен 16.00 аралығында өтеді. Артынша сағат 16:00 мен 18.00 аралығында техникалық үзіліс. Кешкі сырғанау сағат 18.00-23.00 аралығында.

Айта кетейік, осы маусымнан бастап мұнда сырғанау инструкторларының мектебі жұмыс істейді. Кішкентай қонақтар мен олардың ата-аналары үшін ойын-сауық аймағы жұмыс істейді. Маусым барысында "Медеуде" түрлі шаралар мен спорттық сайыстар өтеді.

Айта кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамлиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 миллиард адам теледидар арқылы тамашаламақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети