Алматы әкімі Бауыржан Байбек инвестициялық форум барысында Үлкен Алматы айналма автожолы жобасының бағасы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек инвестициялық форум барысында Үлкен Алматы айналма автожолы жобасының бағасы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Үлкен Алматы айналма автожолы жобасының бағасы 1,5 миллиард доллардан асады. Автожол қаладағы көліктердің санын тәулігіне 40-60 мыңға азайтады", - деді әкім.
Сондай-ақ, ол соңғы он жылда Алматыда 30 жолайрықтың салынғанын, алайда олардың кептеліс мәселесін шешуге көмектеспегенін айтып өтті.
"Тұрғындар екі апта уақыттай қуанып қалды (жаңа жолайрық пайда болғанда - автор.), сосын өздері сол жерлерде кептелісте тұрады. Бұл жаһандық проблеманы шешпейді. Сондықтан да қазір біз "Алматы - жаяу жүргіншілерге арналған қала" жобасына көшеміз. Автобустарға арналған арнайы жолақтардың саны көбейеді", - деді Бауыржан Байбек.
Сонымен қатар, қала әкімі 2018 жылдың ортасында Алматыда неміс электравтобустарын шығаратын зауыт ашылатынын айтты.