07 қараша 2014 13:08

Байқоңыр мектептері қазақстандық стандартқа келесі оқу жылынан бастап көшуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп кітапханасы. ©Ярослав Радловский Мектеп кітапханасы. ©Ярослав Радловский

Байқоңыр мектептері келесі оқу жылынан бастап қазақстандық стандартқа көшуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевқа сілтеме жасап.


Байқоңыр мектептері келесі оқу жылынан бастап қазақстандық стандартқа көшуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевқа сілтеме жасап.

"Ол жақта оқушылары ресейлік білім беру стандартымен оқитын 6 қазақ мектебі бар. Қазақ мектебіндегі қазақ балалар "Біздің президентіміз - Путин" дейді. Ол қандай азамат болады, қандай патриот болады? Тағы бір мәселе - мектепті бітірген соң бұл балалар БҰҰ тапсырып, қазақстандық жоғары оқу орындарына түсе алмайды. Бұл - олардың құқықтарына қысым жасау", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей білім беру министрліктері жүргізген келіссөз бітуге таяды. "Қарашаның соңында үкіметаралық комиссия отырысы аяқталады. Осы отырыста келесі жылдың бірінші қыркүйегінен бастап бұл мектептер Қазақстан стандарттарына өтеді деген шешім шығады деп күтеміз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети