20 қазан 2016 12:28

"Бәйтерек" холдингі: ЭКСПО аумағындағы объектілердің құрылысы 90 пайызға аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЭКСПО аумағындағы объектілердің құрылысы 90 пайызға аяқталды, 3,7 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ЭКСПО аумағындағы объектілердің құрылысы 90 пайызға аяқталды, 3,7 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев құрылыс барысымен танысты.

"Бәйтерек" холдингі өзінің еншілес ұйымы "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрме аумағындағы тұрғын үйлердің, сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын инвестициялайды.

Ауданы 107 мың шаршы метр (1374 пәтер) 42 тұрғын үй салынды. Үйлерге сыртқы және ішкі желілер жеткізілді, пәтерлерді ішкі әрлеу, үйлердің қасбеттерін әрлеу аяқталды, аумақты көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғын үй кешендерінде паркингтер, сондай-ақ коммерциялық үй-жайларға арналған аудандар көзделген. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Халықаралық мамандырылған көрмені өткізу кезінде пәтерлер халықаралық қатысушыларды орналастыру үшін көрменің ұйымдастырушыларына жалға беріледі. Көрме аяқталғаннан кейін нарықтық талаптармен тұрғын үйлердің сатылуы жоспарланады.

Жалпы ауданы 138 мың шаршы метрді құрайтын сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы аяқталып қалды. Сыртқы коммуникациялар жеткізілді, ішкі желілерді салу, ғимараттың ішкі және сыртқы әрленуі, сондай-ақ іргелес аумақты көріктендіру жөніндегі жұмыстар жүріп жатыр.

Тұрғын үй объектілері мен сауда-ойын-сауық орталығын пайдалануға енгізудің болжамды күні - 2016 жылғы 1 желтоқсан. Объектілерді салу кезінде 3,7 мың жұмыс орны құрылды. Осы нысандар пайдалануға енгізілгеннен кейін шамамен 2,5 мың адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.

"Бәйтерек" холдингінің еншілес компаниясы "Бәйтерек девелопмент" АҚ қаржыландыратын тағы бір нысан - бұл "Аура" бизнес орталығы. Жалпы ауданы 38 086 шаршы метр іскерлік кешен ЭКСПО-2017 көрмесінің жанында орналасқан. Сондай-ақ, компания өкіледірінің айтуынша, 2018 жылдың 1 тоқсанында бизнес орталық пайдалануға беріледі деп күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети