15 қараша 2015 23:23

"Бәйтерек" монументінің Франция туының түсіне боялғаны бейнеленген сурет жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Астанадағы "Бәйтерек" монументі жексенбі күні кеште Париждегі терактіге байланысты француз туының түсіне боялғаны бейнеленген сурет пайда болды. Бұл суреттерді қолданушылар әлеуметтік желілерде жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы "Бәйтерек" монументі жексенбі күні кеште Париждегі терактіге байланысты француз туының түсіне боялғаны бейнеленген сурет пайда болды. Бұл суреттерді қолданушылар әлеуметтік желілерде жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Терроризмнің діні мен ұлты жоқ, опасыз мақсаттары ғана бар. Бейбітшілік пен келісімде өмір сүрейік", - деп үндеуде қолданушылар. 


Алайда, кейін "Бәйтерек" өкілдері монументтің француз туының түсіне боялмағанын айтты. 

14 қарашада Парижде болған террорлық актілерге байланысты әлемдегі көптеген ғимарат Франция туының түсіне боялды. Әлеуметтік желі қолданушылары Twitter және Facebook парақшаларында #Prayers4Paris #ParisAttacks #PrayforParis хэштегтерімен суреттер жариялап жатыр. Франция туы Манхеттенде 2001 жылы қиратылған егіз ғимараттың орнына салынған орында да бейнеленді. Қазіргі кезде Парижде төтенше жағдай режимі жарияланды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Париждегі терактілер кезінде 129 адам қаза болып, ондаған адам жарақат алған. Лаңкестер бірнеше жерде жарылыс жасады, оның ішінде футбол матчы болып жатқан "Стад де Франс" стадионында, бірнеше мейрамханада және "Батаклан" театрында. ДАИШ террорлық ұйымы жауапкершілікті өзіне алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети