05 қыркүйек 2014 17:51

Базарда теракт жасамақ болған Тараздың екі тұрғыны ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Тараздың екі тұрғыны "Ауыл Береке" базарында теракт жасауға әрекеттенді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.


Тараздың екі тұрғыны "Ауыл Береке" базарында теракт жасауға әрекеттенді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

"2014 жылдың 5 қыркүйегі күні ішкі істер департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 30 тамыз күні Тараз қаласындағы "Ауыл Береке" базарында террорлық әрекет жасауға әрекеттенген адамдар әшкере болды", - делінген таратылған хабарламада.

Департаменттің мәліметінше, ұсталғандар базарда кісі көп жиналған кезде автокөлікті өртеу арқылы жарылыс жасамақ болған. "Ойлары іске асқан кезде, оның салдары ауыр болатын еді - көп адам құрбан болып, айтарлықтай материалдық шығын келер еді. Полиция қызметкерлерінің қырағылығы арқасында жарылыстың алды алынды, өрт сөндірілді", - дейді департамент мамандары.

Сонымен бірге ұсталғандардың 2 қыркүйек күні "Ауыл Береке" базары аумағында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар таратқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің үстінен "Террорлық әрекет жасауға әрекеттену" және "Террорлық әрекет туралы көпе-көрінеу жалған хабар беру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети