09 мамыр 2014 20:24

Берлин. Жеңіс күні.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс күні Берлин. Фото ©Батыр Қазыбаев. Жеңіс күні Берлин. Фото ©Батыр Қазыбаев.

1945 жылдың 6 сәуірінде Кеңес әскерінің жоғарғы деңгейдегі шеберлігін әлемге паш еткен Берлин операциясы басталды. 28 сәуір мен 2 мамыр аралығында Рейхстаг, яғни фащизм қамалын талқандау үшін қанды-қырғын шайқас болды. Бұл қабырғалар сол күндері қаза болған батырларымыздың ащы тері мен жеңіс қуанышын еске түсіреді.


1945 жылдың 6 сәуірінде Кеңес әскерінің жоғарғы деңгейдегі шеберлігін әлемге паш еткен Берлин операциясы басталды. 28 сәуір мен 2 мамыр аралығында Рейхстаг, яғни фащизм қамалын талқандау үшін қанды-қырғын шайқас болды. Бұл қабырғалар сол күндері қаза болған батырларымыздың ащы тері мен жеңіс қуанышын еске түсіреді.

1945 жылғы сол күндері Рейхстаг бекінісіне 20 жеңіс жалауы тігіліпті. Оның ең алғашқысын қамал төріне қазақстандық Рахымжан Қошқарбаев пен ресейлік Григорий Булатов қадады.

 

150-ші атқыштар дивизиясының лейненанты Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов 1945 жылдың 30 сәуір күні сағат 14:25 минут кеткенде осы ғимараттың орта тұсына, яғни кіреберіс бетіне қызыл жалау тіккенін журналда жазылған мақала растайды.  

 

Қошқарбаевтің айтуынша, Г.Булатов екеуі Рейхстагқа дейінгі ашық алаңдағы 260 метр жерді жүріп өту үшін жеті сағаттан астам уақыт арпалысқан.   

  

Бранденбургск қақпасы. 2014 және 1945 жылдардағы көрініс. Соғыс кезінде бұл ескерткіш толықтай бүлінген болатын. 1945 жылдан 1957 жылға дейін бұл қақпада КСРО-ның жалауы ілініп тұрды. 

 

Берлиндіктер кеңес сарбаздарын өз Отанын қорғаған батырлар ретінде еске алады. Міне, бүгін 9 мамыр күнін ерекше құрмет тұтатын азаматтар Рейхстагтағы Мемориалға жиналды.   

 

1945 жылы қанды қырғын болған Берлиндегі орталық парк. 

Ұлы жеңістің символына айналған - гвардиялық белгібау.

 

Бұл берлиндік Үлкен Тиргартенге қарасты Мите окургы, Тигартен ауданындағы "17 Июнь" көшесіндегі Мемориал ерлікпен қаза тапқан кеңестік әскерилерге арнап қойылған. 1945 жылғы кеңестік майдан мен Екінші дүниежүзілік соғысты еске салады. Сарбаздың арт жағындағы шағын скверде қаншама кеңес сарбазы жерленгені белгісіз, кейбір деректерде мұнда 2000-2500 сарбаз жатқанын айтады.

 

Бұл мемориалдың құрылысы 1948 жылы толықтай аяқталған еді. 

 

Берлин қамалын алу жолында 75 мың кеңес әскері опат болды. Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін мұнда осындай үш ескерткіш бой көтерді. 

 

Қаза болған сарбазға қойылған бұл ескерткіш Әскери Кеңестің шешімімен 1-ші Белорус фронтының жобасымен жасалған. Мүсіншілер Кербеля мен Цигаля және Сергиевск архитекторының бұл жұмысы Шарлоттенбург шоссендегі "17 Июнь" көшесінде тұр. Бұл одақтық майданға қойылған ескерткіш 1945 жылдың 11 қарашасында тұрғызылған. 

 

Кеңес соғысының алып мемариалды ешкерткішінің тұғыры доғал етіп жасалып, оның үстіне биіктігі сегіз метр болатын сарбаздың қола мүсіні қойылған. Мемариалды ескерткіштің орта тұсынын қарасаңыз бұл ескерткіш рухыңызды асқақтатады. 

 

Винтовканың жақтауындағы жазбалар соғыстың аяқталғанын айтады. Бұл жазбалар соғыс кезеңінің ауыртпалықтарын, майданда қаза болғандардың тізімін еске салып тұр. 

 

Т-34 танкісі мен екі пушка Берлин үшін болған шайқаста екі жақтан да қаза болғандардың тыныштығын күзетіп тұр. Осы бас жолдың оң және сол қапталында да кеңестік офицерлер жерленген. 

 

9 мамыр 2014 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

Берлиндегі Рейхстаг пен Королев алаңының панорамасы. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети