24 маусым 2016 10:11

Бестөбеде шахтерлермен қақтығыстан кейін кеніштің күзетшілері жұмыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

"Қазақалтын" АҚ Бестөбедегі кеншілердің талабының бір бөлігін қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Степногорск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақалтын" АҚ Бестөбедегі кеншілердің талабының бір бөлігін қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Степногорск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, концерннің Директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Жұманбаев пен бас директор Евгений Балашов бастаған компанияның басшылығы кеніш жұмысшыларымен және Бестөбе ауылының тұрғындарымен кәсіпорында туындаған мәселені шешу үшін кездескен. Кездесуге облыстың және қаланың әкімдіктерінің басшылығы, сонымен қатар құқық қорғау органдарының өкілдері қатысыпты.

Кездесуде Жұманбаев кеніш жұмысшыларының ұсыныстарына жауап қатты. "Сонымен, кеніштің бақылау күзетін жұмыстан шеттету бойынша, басшылық бұл талапты орындау туралы шешім қабылдады, алайда өндірістік нысандарда жымқыруларды, заңсыз алтын іздеушілерді қауіпті өндірістік нысандарға кіргізбеу бойынша жұмыстар жалғасады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Кеніштегі жұмыспен қамтуға келсек, кездесу барысында бүгінде Бестөбе шахтасында 1466 жұмысшының, олардың 93 пайызының жергілікті тұрғындар екендігі, ал жеті пайызының сырттан тартылған мамандар екендігі айтылды. "Евгений Балашов жалақының өсіру мәселесі жайлы жұмысшылардың жалақысының орташа есеппен 13 пайызға өсірген қазақстандық концерндердің бірі екенін айтып өтті. Ал жалпы бес жыл ішінде жалақы 57 пайызға өсті".

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта шахтерлердің Жолымбет және Ақсу кеніштеріндегі жұмысшылардан жоғары жалақы алатынын атап өтті (Бестөбе - 154 мың теңге, Жолымбет - 122 мың теңге және Ақсу - 141 мың теңге). Жалақыны өсіру бойынша мәселені басшылықтың толықтай зерттегеннен кейін шешілетіні хабарланды. 

Еске салайық, Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахтаның территориясында "Қазақалтын" АҚ жұмысшыларымен "Мыс-Орда" күзет агенттігінің қызметкерлерінің арасында төбелес шығып, соңы атысқа ұласқан. Оқиға 16 маусымда болды. Қақтығыс барысында күзетшілер қарудан оқ атқан, жарақат алғандар бар. Оқиға орнында Степногорск прокуроры, ІІБ басшысы, қалалық ІІБ жедел-тергеу тобы болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети