16 қараша 2016 14:52

Бигелді Ғабдуллин басшылық ететін басылымдардың кеңселерінде тінту шаралары өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Radiotochka.kz порталының журналистері жіберген сурет © Radiotochka.kz порталының журналистері жіберген сурет

Алматыда CentralAsiaMonitor және Radiotochka.kz басылымдарының кеңселерінде тінту шаралары өтіп жатыр, оның директоры таяуда ұсталған Бигелді Ғабдуллин, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне басылымның тілшілері мәлімдеді. 


Алматыда CentralAsiaMonitor және Radiotochka.kz басылымдарының кеңселерінде тінту шаралары өтіп жатыр, оның директоры таяуда ұсталған Бигелді Ғабдуллин, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне басылымның тілшілері мәлімдеді. 

Олардың айтуынша, тінту шаралары сағат таңғы 10.00-де басталған, содан кейін олар уақытша тоқтатылған, алайда кейінірек қайта жанданған. Кеңсеге ешкімді кіргізбей жатыр, алайда екі редакцияның қызметкерлері ішінде отыр. Айта кетейік, кеңсенің алдында басқа да БАҚ өкілдері жиналған. Сонымен қатар, журналистердің айтуынша, тінту шараларын жүргізіп жатқан қызметкерлерінің әрекеті орынды.


© Tengrinews.kz 


Radiotochka.kz порталының журналистері жіберген сурет

Ғабдуллинге қатысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы мәлімдеме жасады. Журналисттер сұрағына жауап бере отырып, Қайрат Қожамжаров тағы қандай жеті меморгандарға қатысы бар екенін айтпады.
"Егер тергеу барысында мұның барлығын анықтай алатын болсақ, біз оны осы күнге дейін анықтар едік. Ол қамауға алынған жоқ, тек ұсталды. Ол өзінің медиаресурстары арқылы меморгандардан қаражат бопсалады деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары енді басталды", - деді Қайрат Қожамжаров.

Еске салайық, Бигелді Ғабдуллин меморгандардан қаражат бопсалады деген күдікпен ұсталған болатын. "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" басылымдарының бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты бопсалау дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу кезінде Ғабдуллиннің өз бақылауындағы "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына қатысты абыройын түсіру және жағымсыз материалдар жариялау жолымен ақпараттық шабуылды үдеткені анықталды", - делінген хабарламада. 

Ұлттық бюроның мәліметінше, Ғабдуллин осыдан кейін сынды азайту үшін лауазымды тұлғалардан өз медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған. Олар, өз кезегінде Ғабдуллиннің компанияларын лоббилеп, мемлекеттік сатып алулар туралы келіссөздерге қол қойылуын қамтамасыз еткен. Осыдан кейін, БАҚ-тарда олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жариялана бастаған. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінде Ғабдуллин бюджет қаражатынан 10 миллион теңге бопсалаған. Осыған ұқсас жолмен Ғабдуллин 7 мемлекеттік органнан мемлекеттік тапсырыс алған.

Қазіргі уақытта Ғабдуллин ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының негізінде ұсталып, Астана ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети