21 қаңтар 2014 13:24

Биыл қазақстандық 40 кинотуынды мерейтойын атап өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Махаббат туралы поэма" фильмінен үзінді "Махаббат туралы поэма" фильмінен үзінді

2014 жылы қазақстандық 40-қа жуық кинотуынды өздерінің мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Мәселен, атақты режиссер Шәкен Айманов пен Карл Гаккель бірігіп түсірген "Махаббат туралы поэма" фильмінің экранға шыққанына биыл 60 жыл толса, қазақтан шыққан тұңғыш кино режиссерінің жеке өзі түсіріп, өзі басты рөлде ойнаған "Алдар көсе" туындысы экраннан осыдан 50 жыл көрсетілген болатын. Дәл осы фильмдегі басты рөл үшін Ш.Айманов Киевте (1966 ж.) ІІ Бүкілкеңестік кино фестивальінде арнайы дипломға ие болды. Мәжит Бегалиннің Ұлы Отан Соғысы батырларына арналған "Мәншүк туралы жыр" фильміне 45, ал Абдолла Қарсақбаевтың балаларға арналған "Эй вы, ковбои!" туындысына 40 жыл толып отыр. Асанәлі Әшімов пен Цой Гук Инаның біріккен жобасы "Шоқан" тарихи фильміне 30, режиссер Болат Мансұровтың "Бейбарыс сұлтан" туындысының экраннан көрсетілгеніне 25 жыл болды. Одан бөлек 2014 жылы 20-дан астам анимациялық фильмдер де өздерінің туған күндерін атап өтеді. Олардың ішінде аниматор Әмен Қайдаровтың "Құйыршық" мультфильміне 45 жыл, ал "Қырық өтірікке" 35 жыл толды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети