28 сәуір 2017 17:22

Бизнесмендер су тасқынынан зардап шеккен қыздың отбасына сыйлаған баспананы көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Құдайберген мен Қайрат Құдайберген мен

Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен аты-жөнін атағысы келмеген бизнесмен су тасқынынан зардап шеккен оқушы қыздың отбасына сыйлаған үш бөлмелі үйді көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен аты-жөнін атағысы келмеген бизнесмен су тасқынынан зардап шеккен оқушы қыздың отбасына сыйлаған үш бөлмелі үйді көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Қайрат Құдайберген сыйланған жаңа баспананы көрсетеді. Кейін Қазақстанның барлық бизнесменін қайырымдылықпен айналысуға шақырады. 

Кейін ол 10 жастағы Махаббаттың анасына "Нұр үстіне нұр болсын. Алла тағаланың өзі сізге жіберіп отыр. Осылай асар ретінде сізге көмек. Жақсылық болсын!", - деп тілегін айтты.

Осыдан соң оқушы қыз бизнесменге алғыс айтты. "Мен Қайрат Құдайберген ағама өте көп алғысымды айтамын. Ағамның ағасына да рақметімді айтамын. Себебі бұл үйге екінің бірінің қолы жетпейді. Бұл үй үлкен және кең! Армандаған да жоқпыз! Бұдан да кіші үй болатын шығар деп ойлап едік. Бірақ үлкен және кең болып шықты. Аспаныңыз ашық болсын! Нұр үстіне нұр жаусын! Отбасыңызбен бірге бақытты болыңыз! Ешқашан қартаймаңыз!", - деп алғысын білдірді. 


© Tengrinews.kz

Махаббаттың анасы да бизнесменге басын иіп, алғыс айтты. "Елімізде тыныштық болсын, ешқашан сғоыс болмасын, елімізді су баспасын!" деді ол көз жасына ерік беріп.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыз билікке үндеу айтқан болатын. Ешімовтер отбасы су тасқынынан баспанасынан айырылған еді. Шешесі Тұрғангүл Ешімованың айтуынша, күйеуінің жүрегі әлсіз және ол үйінің қирап қалғанын әлі көрмепті. Басылымның мәліметінше, әйелдің кенже қызы Махаббат № 36 мектебінің төртінші сынып оқушысы екен. Ол мектеп формасынан, оқулықтарынан да айырылып, табиғи апаттан есеңгіреп қалған. 

Кейін алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген аты-жөнін атағысы келмеген бизнесменмен бірге су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік 10 жастағы қызға баспана сыйламақшы болған. Алайда осы баспананы салуда олар қиындықтарға тап болды. Сыйланатын үй тұрған аудан да суға кетуі мүмкін деп танылды. Енді бизнесмендер бұл отбасыға көппәтерлі үйден баспана сыйлап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети