03 қазан 2014 14:44

БҚО әкімі өзінің арақ ішкені түсірілген фотосуреттен ерсілік көрмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mgorod.kz ©mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жәрмеңкеде бір рөмке арақ ішкенінде тұрған ештеңе жоқ деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы брифингте журналистер әкімнен оның бір стақан арақ ішіп тұрған суретіне қатысты ойын сұрады.

БАҚ өкілдері Ноғаевтан осы фотосуретті жариялаған порталға әкім аппараты тарапынан "басылымды оқшаулайтыны" айтылған қоңыраулар шалынғанына қалай қарайтынын да сұрады.

"Біздің бәріміз тірі адамбыз. Кейде қонаққа барғанда немесе басқа жерде біз спирттік ішімдік ішеміз. Мен оны жасырмаймын, несін жасырамын, ішемін, бұл өмір. Ал Сорочинцы жәрмеңкесінде арақ ішкеніме мені сонда шақырған адам себепші. Бір стақан ғана, соған қанша наразылық айтылды", - деді БҚО басшысы.

Айта кетейік, осы жылдың қыркүйек айында Нұрлан Ноғаев украин диаспорасы ұйымдастырған жәрмеңкеге барған болатын. Облыс басшысының арақ ішкен сәті түсірілген фотосуретті жергілікті ақпарат құралдары жарыса жариялады. "Олар мұны дұрыс емес деп есептеген шығар, мен қалыпты жайт деп қараймын", - деді Нұрлан Ноғаев.

Брифинг барысында Нұрлан Ноғаев Қазақстанда шығарылған қызметтік көлікке отыра қоймағанын да айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети