12 қыркүйек 2017 12:27

Білім және ғылым министрі: Маған 25 әріптен тұратын әліпби ұнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әліпбидің жобасы неліктен талқыланғанын және үкіметтегілердің қоғамнан қандай пікір күтетіндерін айтып берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әліпбидің жобасы неліктен талқыланғанын және үкіметтегілердің қоғамнан қандай пікір күтетіндерін айтып берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәселені толығырақ талқылауға әлі уақыт бар. Сарапшылар бірнеше нұсқаны қарастырып, осыны таңдады. Сіздерге осы нұсқа ұнады ма? Маған 25 әріптен тұратын әліпби ұнайды. Енді азаматтарымыз өз ойларын айтсын немесе нақты бір ұсыныстары болса ұсынсын, айтсын. Сол үшін де осы әліпби мәселесі талқыға салынып отыр", - деді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Еске салайық, кеше, 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өткен еді. Сол тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети