01 маусым 2020 20:10

Блокбекетте қайтыс болған полицейдің анасы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Жанатгүл Абированың посты шықты. Әйел өзін Алматыда блокбекеттегі жол апатынан қаза тапқан Дастан Әбдіқановтың анасымын таныстырған. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан ұлының өліміне қатысты тергеуді қадағалауды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Желіде Жанатгүл Абированың посты шықты. Әйел өзін Алматыда блокбекеттегі жол апатынан қаза тапқан Дастан Әбдіқановтың анасымын таныстырған. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан ұлының өліміне қатысты тергеуді қадағалауды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әйел өзінің Instagram парақшасында Президентке үндеу жариялады. Ол ұлы бір адамның қолынан қайтыс болғанын жазды. Сондықтан, заңнамаға сәйкес жол апатына кінәлі тұлғаның жауапқа тартылғанын сұрайды. Сондай-ақ ол келіні мен күйеуінің ойына түсінік берді.

"Мен қызмет бабында қаза болған Абдықанов Дастанның анасымын. Дастан 26 жасында Елі мен Отаны алдында адал қызмет етіп жүріп, кісі қолынан қаза болды. Әлеуметтік желіден келінім Динара күйеуінің өліміне кінәлі Азат Азаматовтың суретін көргенде бірден таныған. Себебі ол күйеуі жұмыста болған уақытта үнемі сөйлесіп отырған, оның кіммен бірге сменге түсетінін жақсы білген. "Қылмыскердің полицияда әлі де жұмыс істейтінін, желіде жалған ақпарат таралып жатқандығын, тек шындықты айтыңыздар" деп жазғанын растаймын. Әкесі тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып, өз ойымен келінім ешқандай жазба қалдырған жоқ деп сұқбат берген. Шындығында келінінің жазбасы туралы білмеген. Біздің бір-бірімізбен әңгімелесіп, желі қарап, талқылауға жағдаймыз болған жоқ", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мен қызмет бабында қаза болған Абдықанов Дастанның анасымын. Дастан 26 жасында Елі мен Отаны алдында адал қызмет етіп жүріп, кісі қолынан қаза болды. Әлеуметтік желіден келінім Динара күйеуінің өліміне кінәлі Азат Азаматовтың суретін көргенде бірден таныған. Себебі ол күйеуі жұмыста болған уақытта үнемі сөйлесіп отырған, оның кіммен бірге сменге түсетінін жақсы білген. "Қылмыскердің полицияда әлі де жұмыс істейтінін, желіде жалған ақпарат таралып жатқандығын, тек шындықты айтыңыздар" деп жазғанын растаймын. Әкесі тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып, өз ойымен келінім ешқандай жазба қалдырған жоқ деп сұқбат берген. Шындығында келінінің жазбасы туралы білмеген. Біздің бір-бірімізбен әңгімелесіп, желі қарап, талқылауға жағдаймыз болған жоқ. Мен ұлымның абыройына нұқсан келмеуін және қылмыскердің әділ, заң талаптарына сай, қатаң жазалануын сұраймын.Бұл аса қайғылы істің ақ қарасын анықтап, қанышер қылмыскердің әділ жазасын алуын талап етемін.Мен ешкімге сенбеймін.Құрметті Президент ҚасымЖомарт КемелұлыТоқаев мырза осы іс тікелей өз бақылауыңызда болып,қылмыскер әділ жазасын алады деп,сенемін.

Публикация от Абирова Жанатгул (@abirovazhanatgul)

Сондай-ақ, ол ел Президентіне үндеу жасады.

"Мен ұлымның абыройына нұқсан келмеуін және қылмыскердің әділ, заң талаптарына сай, қатаң жазалануын сұраймын. Бұл аса қайғылы істің ақ қарасын анықтап, қылмыскердің әділ жазасын алуын талап етемін.Мен ешкімге сенбеймін. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза осы іс тікелей өз бақылауыңызда болып, қылмыскер әділ жазасын алады деп сенемін", - деп қосты ол.

Еске салайық, Алматыда мас жүргізуші блокбекетті соғып өтіп, салдарынан екі полицей қаза тапқан болатын. Оқиға 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да болған. Кейін жол апатынан соң үшінші полицейдің жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған. Кейін оның жағдайы туралы белгілі болды.

Екі полицейдің өліміне кінәлі BMW жүргізушісінің 6 жыл полицияда қызмет еткені белгілі болған еді.

Алматыда блокбекетте қайтыс болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі

Осы оқиғадан кейін үш шенді қызметінен кеткен болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети