01 шілде 2020 13:55

"Болашақ" стипендиясы бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Болашақ" стипендиясы бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Болашақ" стипендиясы бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирустық инфекцияның жаппай таралуына байланысты "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары оқитын шетелдік ЖОО-лар наурыздан бастап қашықтан оқу форматына көшкен болатын.

"Осыған байланысты бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасымен Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелдік жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізіп, стипендиаттардың оқу ақысын төмендету мәселелерін талқылады. Нәтижесінде, 25 оқу орнында оқитын 343 стипендиатқа оқу төлемақысы 10 пайыздан 50 пайызға дейінгі көлемде төмендетілді. Осылайша, 325,1 миллион теңге бюджет қаражаты үнемделді", - делінген хабарламада.

Орталық мәліметінше, қазіргі таңда "Болашақ" бағдарламасының 592 стипендиаты шетелде білім алып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.96   490.7   4.97 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети