16 сәуір 2014 10:12

Бостонда айыпталған Тәжаяқовтың әкесі АҚШ-қа бара алмай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әмір Ысмағұлов. ©REUTERS Әмір Ысмағұлов. ©REUTERS

Бостондағы лаңкестік туралы істі тергеуге кедергі келтірді деп айыпталған Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Ысмағұлов АҚШ-қа баруға виза ала алмай жүр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Ол соттың кезекті дайындық тыңдауына қатысуы тиіс.


Бостондағы лаңкестік туралы істі тергеуге кедергі келтірді деп айыпталған Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Ысмағұлов АҚШ-қа баруға виза ала алмай жүр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Ол соттың кезекті дайындық тыңдауына қатысуы тиіс.

"Маған виза бермей жатыр. Жібергісі келмейді. Бізде ыңғайсыз сұрақтар бар ғой. Олардың мұны естігісі келмейді. Бірақ мен айттым, егер мені жібермесеңіздер, адвокаттар бар, солар сұрақ қоятын болады. Әрине, онда өзімнің болып, қорғауды ұйымдастырғаным жақсы болар еді. Әйелім қызыммен бірге сол жақта. Біз дайынбыз, біз соттың болғанын қалаймыз. Ал олар соттың болғанын қаламайды, істі ары қарай созғысы келеді", - дейді Ысмағұлов.

Еске салайық, қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа қатысты сот процесі бұған дейін бірнеше рет кейінге қалдырылған еді. Тергеу мен іс материалдарымен танысудың 2015 жылға дейін созылуы мүмкін екені туралы ақпарат та пайда болды. Дегенмен Тәжаяқовтың әкесінің айтуынша, негізгі процесс биылғы 30 маусымда басталуы тиіс.

Қазақстандық студенттер Бостонда былтырғы мамыр айында болған терактіге қатысты іс бойынша айыпталып отыр. Оларға 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасының берілуі қаупі бар. Бұл істе тағы бір фигурант бар, ол - 19 жастағы америкалық Робел Филипос. Ол жалған куәгерлігі үшін айыпталып отыр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети