16 мамыр 2014 18:10

Бостонда тұтқындалған қазақстандық студенттердің жағдайы бір қалыпты - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрлігі. ©liter.kz ҚР Сыртқы істер министрлігі. ©liter.kz

Бостонда тұтқындалған қазақстандық студенттердің жағдайы бір қалыпты, бұл туралы Facebook парақшасында ҚР СІМ хабарлады.


Бостонда тұтқындалған қазақстандық студенттердің жағдайы бір қалыпты, бұл туралы Facebook парақшасында ҚР СІМ хабарлады.

Ведомствада дипломатиялық қарым-қатынастар сотта Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовқа заң тұрғысынан көмек көрсетуге ешқандай мүмкіндік бермейтіндігін айтты. Бірақ, студенттердің ата-аналарына тұтқындалған азаматтармен қалаған күні кездесе алатын қорғаушыны тағайындауға көмек көрсеткен.

Қадырбаев пен Тажаяқовқа Қазақстанның елшісі абақтыда кезекті рет 30 сәуір күні кездескен. "Тұтқындалғандардың физикалық және психологиялық жағдайлары жалпы жаман емес. Олар ата-аналарымен және қорғаушысымен үнемі байланыста. ҚР СІМ бұл азаматтардың ата-аналарына виза алуға көмектесті. Бұл мәселе ҚР СІМ мен АҚШ-тағы ҚР шекара сырты мекемесінің қатаң бақылауында", - дейді министрлікте. 

Еске салайық, Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқов 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафонының мәресінде болған лаңкестіктің тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деп айыпталуда. Оларға 25 жыл бас бостандығынан айырылу қауіпі төніп тұр. Олармен бірге 19 жасар Робель Филиппос есімді азамат тұтқынға алынған. Бұл азаматқа жоғарыдағы айыптан өзге жалған мәлімет берді деген айып тағылып отыр. Айта кетейік, Бостонның федеральды соты қазақстандық студенттердің ісі жеке өтеді деп үкім шығарды. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети