07 наурыз 2023 15:19

Былапыт сөздерге айыппұл: ІІМ басшысы өзгеріс кімдерге әсер ететінін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов былапыт сөздерге қатысты заңнамадағы өзгерістер кімдерге әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов былапыт сөздерге қатысты заңнамадағы өзгерістер кімдерге әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрі былапыт сөздер үшін айыппұл салуды қарастыратын заң ең алдымен бұзақыларға бағытталғанын атап өтті.

"Сіздерге бірден айтайын, заң бұрын да болған, тек жауапкершілік күшейтілді. Сонымен қатар, бірден былапыт сөздерге назар аударамыз, бірақ заң ең алдымен вандализмге қарсы күресуге бағытталған. Бізде тұрғын үйлерді, лифттерді бүлдіру деректері өте көп болды және қылмыстық жауапкершілікке тарта алмадық", - деп жауап берді ішкі істер министрі.

Министр мұндай жаңашылдық қоғамда әдепсіздікке мүлдем төзбеушілік қалыптастырады деп есептейді.

"Ең болмағанда қоғамдық орындарда, егер болса, онда лайықты жазасын алады. Бұл қоғамдық орында, анық құрметсіздік, сондықтан мен қазір былапыт сөз айтсам, мені жауапкершілікке тарта алады. Куәгерлер бар, камералар бар. Ерекше цинизм, басқаларды анық құрметтемеу. Бірақ өмірде әртүрлі жағдай болады, егер аяққа балға түсіп кетсе (ал адам әдепсіз сөз айтса – еск.), онда бұл қоғамдық тәртіпті бұзу болып табылмайды", - деп түсіндірді Ахметжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети