03 қазан 2019 12:47

Былтыр еліміздегі өндіріс орындарында 222 адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өндіріс орындарындағы қайғылы жағдай азаймай тұр. Дүниежүзінде өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім жүрек-қан тамырлары мен онкологиялық аурулардан кейін үшінші орында тұр. "Ынтымақ" кәсіподағының төрағасы 2018 жылы елімізде 222 адам жұмыс барысында қаза болғанын мәлім етті, - деп хабарлайды "Елорда Инфо".


Өндіріс орындарындағы қайғылы жағдай азаймай тұр. Дүниежүзінде өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім жүрек-қан тамырлары мен онкологиялық аурулардан кейін үшінші орында тұр. "Ынтымақ" кәсіподағының төрағасы 2018 жылы елімізде 222 адам жұмыс барысында қаза болғанын мәлім етті, - деп хабарлайды "Елорда Инфо".

"Жұмыскерлердің қауіпсіздігі Кәсіподақтар федерациясының басты назарында тұр. Осы жылдың алғашқы алты айында өткен 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жарақаттану 8,3 пайызға, ал өлім жағдайы 23,5 пайызға азайды. Талдау жұмыстары кезінде былтыр 191 кәсіпорында 222 адам қаза болғаны анықталды", - дейді "Ынтымақ" орта және кіші кәсіпкерлері қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Қайрат Жанабеков.

Ол өз сөзінде жұмыс барысындағы өлім-жітім жағдайын азайту үшін жасалатын шаралар туралы түсіндіріп берді.

"Әрбір мекемеде өндірістік кеңестер құрылу керек. Бұл заң аясында көрсетілген. Бірақ нақтыланбаған. Қазір осы мәселеге байланысты тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз. Егер өндірістерде, кәсіпорындарда кәсіподақ бар болса, ол жерде тұрақтылық, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында жауапкершілік бар. Осы жауапкершілікті арттыру мақсатында кәсіподағы жоқ мекемелерге барып, олқылықтың орнын толтыруды әрі өндірістік кеңестерді құруды тапсырамыз. Сол сияқты, еңбек кодексінде өндірістік кеңес ұғымы пайда болды", - деп түсіндірді аталған кәсіподақ төрағасы.

Сонымен қатар, ол техникалық инспекторлар туралы қозғап өтті. Айтуынша, бұрын қоғамдық инспекторлар болса, қазір бұл міндетті техникалық инспекторлар атқарады. Яғни, жұмыс беруші мен жұмысшылардан да үш адамнан сайланады. Олар кемшін тұстарды анықтай отырып, тиісті шаралар қолданады.

"Сөз ыңғайы келгенде айтайын, жұмыс беруші қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөлу керек. Себебі, кей мекемелер ескі техникалармен жұмыс істейді. Сол себепті мемлекеттік инспекторларға көбірек көңіл бөлінсе екен деген ұсынысымыз бар", - деп тоқталды Қайрат Жанабеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети