11 шілде 2020 16:45

"Біз үшін әрбір адамның амандығы - өмірі қымбат" - Нұрлыбек Нәлібаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Қызылорда қаласының әкімдігі Сурет: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаламыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мен індеттің алдын алу шараларын саралау мақсатында бірқатар нысандарды аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаламыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мен індеттің алдын алу шараларын саралау мақсатында бірқатар нысандарды аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі алдымен індетпен тынымсыз күресіп, қиын уақытта үйіне қайтпай оқшаулау орталықтарында жатқан медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.

Ел үшін үлкен жұмыс жасап жатқан дәрігерлермен тілдескен шаһар басшысы үйдегідей жайлы жағдай жасалатынын жеткізе отырып: "Біз үшін әрбір адамның амандығы - өмірі қымбат. Сіздердің ерен еңбектеріңіз шексіз. Барлық жағдайларыңызды жасаймыз. Менің орынбасарларым, бөлім басшылары мән-жайды қадағалап, қажеттіліктерді жеткізеді".

Қазіргі таңда дәрігерлерге қолайлы жағдай жасап, жайлы жатын орын ұсынған "Қызылорда" қонақ үйінде қалалық аурухана қызметкерлері үшін 120 орын бөлінген. Дәрігерлерді тасымалдау қызметіне қала әкімдігі тарапынан арнайы автокөліктер қарастырылған. Елдегі ахуал тұрақталғанша бұл көліктер медицина қызметкерлеріне, денсаулық сақтау саласына қызмет істейтін болады.

Одан әрі дәріханаларды аралап, тұрғындармен тілдесіп, халыққа қажетті фармацептикалық өнімдер қорының жақын күндері толықтай шешімі табатындығын жеткізді.

Жалпы дәрі тапшылығы тек Қызылорда да емес барлық өңірлерде де кездесіп отыр. Жақын күндері дәрілер толығымен қамтылады. Қала әкімі дәрі-дәрмектің бағасы негізсіз қымбаттамауын, сондай-ақ халыққа жеткілікті болуы тікелей мемлекет басшысының бақылауында екенін жеткізе отырып, ұзын сонар кезекті болдырмау мақсатында дәріханалардың сыртында бар дәрілердің тізімімен, сатылымда жоқ дәрілік препараттардың қай уақытта болатынын жазып, көрсетіп қоюды, қаламыздағы волонтерларды мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлер мен бала күтіміндегі ата-аналарға дәрі-дәрмек жеткізу жағын ұйымдастыруды сала басшыларына жүктеді.

Бұдан кейін қала әкімі "Квант" механикалық зауытына барды. Бұл өндіріс орнынан күніне 200 оттегі баллон қала ауруханаларына жөнелтілуде. Өндірістің қуаттылығын арттыру үшін қала әкімінен мекеме басшысы Байқоңыр қаласындағы кислород-азот зауытынан дайын оттегіні алдыруға ықпал жасауын сұрады.

Сұранысы артқан оттегімен емханаларды қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның тағы бірі "Шыңғыс ЛТД" ЖШС. Серіктестік күніне 300-400 оттегі баллонын медициналық мекемелерге дейін жетікізіп беріп отыр. Тасымалдау қызметі аймағымыздағы кәсіпкерлердің және ерікті азаматтар мен қоғам белсенділерінің көмегімен жүзеге асуда. Бұл ретте елім деген жомарт жандардың қаржылай көмегін де атап өткен жөн.

"Қысылтаяң уақытта қол қусырып қарап отырмай, елге қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген барша белсенді азаматтарға үндеу жасадық. Белсенді жандар бізді қолдап, игі іске ұйыса кетті. Қиын кезде елге көмектесіп жатқан кәсіпкерлерге облыс басшысының, аймақ тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін" - деді, қала әкімі.

"Шыңғыс ЛТД" ЖШС директоры қала басшысына аудандарға оттегі баллонын жеткізу үшін транспорт мәселесі жетіспей тұрғанын жеткізді. Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы ешқандай мәселесіз транспортты сол мезетте шешіп берді.

Мұнан соң шаһар басшысы жұқпалы аурулар емханасының мамандары оқшауланған "Сырдария" тынығу лагеріне барды.

Кездесу барысында лагердегі дәрігерлердің жай-күйін біле отырып, кадр тапшылығы болдырмау мақсатында үйде отырған дәрігерлермен медицина мамандығының соңғы курсында оқып жүрген мықты студенттерді жұмысқа тартуды тапсырды. Қосымша штат ашуға қаржылай мүмкіндік болмаса, белсенді кәсіпкерлер арқылы жалақы жағын шешіп беретіндігін жеткізді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети